Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Киров ауылынан Ұзынкөл ауылына дейінгі автожол учаскесінде қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс барысында мамандандырылған техникамен қыс мезгілінде автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдың жүріс бөлігі мен жиектерін тазалау жүзеге асырылады.
Жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстары жоспарлы режимде жалғасуда. Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.