Өсімдіктер карантині саласында қайталама тексеру жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру қағидаттарының бірі: Қазақстан Республикасының азық-түлік және шикізат қауіпсіздігін қолдау мақсатында өсімдік ресурстары мен өсімдік тектес өнімдерді карантиндік объектілердің бүлдіруінен және жойылуынан қорғауды қамтамасыз ету; оның мақсатында өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік реттеу және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүргізіледі. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері бар ведомствосын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде қайталама фитосанитариялық тексеріп қарауды жүргізу-мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудың бір бөлігі болып табылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің иесі өнімнің соңғы межелі пунктіндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін оның келгені туралы хабардар етеді және карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін карантинге жатқызылған өнімді келген күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді көрсетуден бас тартқан жағдайда, ол жөнелтушіге оның иесінің қаражаты есебінен қайтарылуға жатады, бұл туралы карантинге жатқызылған өнімді қайтару актісі жасалады.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүк өкілінің қатысуымен карантинге жатқызылған өнімді кедендік ресімдеуді аяқтау үшін оның межелі пунктінде талдау мен сараптамаға үлгілерді іріктеуді жүргізеді. Карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас морфологиялық белгілері бойынша организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері немесе карантинге жатқызылған өнімді карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің зақымдау белгілері табылған кезде үлгілер зиянкестердің, өсімдіктер аурулары мен арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі. Қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттары туралы жазбасы бар акт жасалады.

Фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету карантиндік сертификат болған кезде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының облыстары арасында өткізілетін карантинге жатқызылған өнім оның межелі пунктінде екінші рет карантиндік тексеруге жатады.

Карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша туындаған барлық мәселелер бойынша "ҚР АШМ АӨК МИК Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" ММ, Ұзынкөл ауылы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 25 ғимаратқа жүгінуге болады. Телефоны (871444) 2-14-78

 

 

 

"Ұзынкөл аудандық аумақтық бөлімі" ММ

ҚР АШМ АӨК МИК инспекциясы"

Жарияланған күні

05 мамыр 2022

Жаңарту күні

05 мамыр 2022