Мемлекеттік кірістер комитеті әзірлеген @SalyqBot сандық салық кеңесшісі

Халыққа салық және кеден мәселелерін түсіндіру, халықтың хабардар болуын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram-да Чат-ботты іске асырды. Чат-бот 1 наурыздан бастап "@SalyqBot" атауы бойынша немесе тікелей сілтеме бойынша іске қосылады https://t.me/salyqbot.

@SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және өте пайдалы функциялары бар:

- пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде беруге мүмкіндік береді;

- салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;

- қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;

- жеке немесе заңды тұлғаның пайдаланушысының қызығушылығына байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;

- пайдаланушыларды МКК - ға қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейнесабақтармен және бейне нұсқаулықтармен таныстырады;

- заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

Чат-боттың МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген білім базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға тез арада жауап алуға мүмкіндік береді.

Пайдаланушы әрқашан жауаппен қанағаттану деңгейін бағалауға, сондай-ақ сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш немесе тілек жазуға мүмкіндік алады.

Ағымдағы жылы Чат-ботты дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады, оның шеңберінде салық төлеушілер көптеген қосымша мүмкіндіктерді біледі, мысалы, салық есептілігін ұсыну мерзімін, салықтарды төлеу мерзімін өткізіп алмау, банк шоттарын бұғаттау (тыйым салу) туралы және басқа да маңызды ақпаратты білу.

Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды барынша азайту, Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және хабардар болу сапасын жақсарту үшін @SalyqBot сандық салық кеңесшісіне жазылыңыз және пайдаланыңыз.

Жарияланған күні

22 сәуір 2022

Жаңарту күні

22 сәуір 2022