Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүргізу тәртібі

"Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығын орындау үшін кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларға сәйкес келетін сою пункттерінде немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Сою пункттерінің, ет өңдейтін кәсіпорындардың, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ жануарларды өндіру, сақтау жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілетін есептік нөмірлері болуға тиіс және ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген).

Мал сою алаңдарында жануарларды сою кезінде ветеринариялық дәрігер:

союға келіп түскен ауыл шаруашылығы жануарларына (немесе жеке жануарға) ілеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын және ауыл шаруашылығы жануарларының (немесе жеке жануардың) ілеспе ветеринариялық құжатқа сәйкестігін тексеру;

ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірінің, ветеринариялық паспортының болуын тексеру;

ветеринариялық қағидаларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын термометрия жүргізе отырып, сою алдындағы ветеринариялық тексеру және ұшалар мен мүшелерді союдан кейінгі ветеринариялық тексеру, ұшаларды таңбалау.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында сою кезінде ұша мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы берген жануарды сою алдындағы ветеринариялық қарап-тексеру және сойғаннан кейінгі ұша мен органдарды ветеринариялық қарап-тексеру нәтижелерін көрсете отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағының салауаттылығы туралы ветеринариялық анықтамамен сүйемелденеді.

Өткізу алдында сою алаңында ауыл шаруашылығы жануарларын сою нәтижесінде алынған ұшалар мен органдар ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтеді.

Сою пункттерінде немесе ет өңдейтін кәсіпорындарда сою кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық дәрігері немесе өндірістік бақылау бөлімшесі:

союға келіп түскен ауыл шаруашылығы жануарларына (немесе жеке жануарға) ілеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық сертификат) болуын және ауыл шаруашылығы жануарларының (немесе жеке жануардың) ілеспе ветеринариялық құжатқа сәйкестігін тексеру;

ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірінің, ветеринариялық паспортының болуын тексеру;

ветеринариялық қағидаларға және сараптама актісін (Сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес термометрия жүргізе отырып, жануарды сою алдындағы ветеринариялық қарап-тексеру және ұшалар мен мүшелерді союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптау, сараптама актісін (Сынақ хаттамасын)беру, ұшаны таңбалау;

Ауыл шаруашылығы жануарларын сою пункттерінде немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарында сою кезінде ұшаға сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық анықтама қоса беріледі.

Ветеринариялық анықтамада сараптама актісінің (Сынақ хаттамасының) берілген күні мен нөмірі көрсетіледі.

Ішкі сауда объектілерінде жануарлардан алынатын өнімдер (ет және ет өнімдері) мен шикізатты өткізуге осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарының союын растайтын ветеринариялық құжаттар болған кезде жол беріледі.

Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін Ұзынкөл ауылы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 25 мекенжайындағы "ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" ММ жүгінуге болады. Тел.: 24441, 21560.

Жарияланған күні

16 наурыз 2022

Жаңарту күні

16 наурыз 2022