Қостанайлықтар жыл басынан бері миллионға жуық мемлекеттік қызмет алды

Көру саны:5
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің ТОП-5-іне ЭЦҚ ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін алу, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кіреді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалында жыл басынан бері өңірдің ХҚКО-ры арқылы барлығы 447 456 мемлекеттік қызмет көрсетілгені туралы айтылды. Сонымен қатар, әр бөлімде орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында тағы 314 443 қызмет көрсетілді. Бұл сандарға қостанайлықтар электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алатын анықтамалар мен құжаттар кірмейді.
Төменде 2021 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша ең танымал мемлекеттік қызметтердің рейтингі берілген:
- ЭЦҚ берілді - 153 875;
- Автокөлікті есепке алу / жеткізу және мемлекеттік нөмірлік белгілерді рәсімдеу – 51596;
- Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар – 39034;
- Жүргізуші куәлігін алу-31781;
- Тұрғылықты жері бойынша тіркелу-13033.
«Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді eGov порталында онлайн алуға кеңес береміз. Қарт адамдарға өздерін вирустардан барынша қауіпсіздендіруге және үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға кеңес береміз. Бірінші және екінші санаттағы мүгедектер, 65 жастан асқан адамдар, ҰОС қатысушылары және мүгедек балалар үшін, бізде мемлекеттік қызметтерді алу үшін, ХҚКО қызметкерін үйге шақыру қызметі бар. Бұрын оны 70 жастан асқан азаматтар ғана пайдалана алатын. Бірақ, 2020 жылы короновирус пандемиясына байланысты өзгерістер қабылданды», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Қанат Төлепұлы.
2021 жылдың басынан бастап, Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері 1777 рет барып, 1958 қызмет көрсетті. Ең танымал-азаматтарды құжаттандыру, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу.
Мемлекеттік корпорация қызметкерін үйге шақыру үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызмет алуға өтініш қалдыруы керек. Содан кейін онымен Мемлекеттік корпорацияның мамандары хабарласады, олар қажетті құжаттардың болуын нақтылайды және мемлекеттік қызметті үйде көрсету күні мен уақытын белгілейді.
Қызмет өтінімді алған сәттен бастап, 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетілуі керек.