Тұрғын үй көмегін тағайындау.

Әр тоқсан сайын тұрғын үй көмегіне құжаттарды тапсыру қажеттілігі туралы ескертеміз. Тұрғын үй көмегі Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесіне сәйкес тағайындалады. Тұрғын үй көмегін рәсімдеу үшін қаладағы ХҚКО жүгіну қажет және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы (ЭЦҚ болған жағдайда). Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) тұрғын үй жәрдемақысын белгілеген шекті жолы бойынша төлеуге беріледі: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар; коммуналдық қызметтерді тұтыну (қатты отынды сатып алу шығындарын ішінара өтеу, қатты отынды сатып алу туралы құжаттарды ұсынған кезде) және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін көрсету; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төленетін ақы.

Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп есептеледі. Кеңесті мына телефон арқылы алуға болады: 2-16-33

 

Жарияланған күні

23 қаңтар 2026

Жаңарту күні

23 қаңтар 2026