Қазақстанда төленбеген салық үшін өсімақы Жеке тұлғаларға төленеді
Көру саны:3
Пандемия кезеңінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті заңына Мемлекет басшысы қол қойды.
Құжатта жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жасау туралы норма қарастырылған, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, азаматтарға 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған және оны төлеу күніне дейін кешірек есептелген жеке тұлғалардың мүлік, жер және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша өсімпұлдар жазылады.
Есептен шығарудың негізгі шарты-негізгі салық қарызының сомасын төлеу. Өсімпұл бересі төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.
2019 жылғы мүлік салығы мен жер салығы бойынша міндеттемелер 2020 жылдың 1 қазанына дейін төленуі керек.
Салықтық рақымшылық жасау мерзімі-2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.
Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.