"Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы»
Көру саны:15
2020 жылы "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына" жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жобаның жалпы құны - 529 083,0 мың теңге.
"Ауыл ел бесігі" бағдарламасы аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Іске асыру кезеңі 2020-2021 жылдар. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым Нұр-сұлтан қаласындағы "Астана Технадзор" ЖШС болды.
Нысан құрылысына 2020 жылға бөлінген:
137 320,0 мың теңге - республикалық бюджеттен,
15 000,0 мың тг. - облыстық бюджеттен.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені жалпы ауданы-1140,16 м2 (әкімшілік ғимарат және спорт залы), өткізу қабілеті – бір ауысымда 48 адамнан тұратын 2 қабаттан тұрады. Әкімшілік ғимаратқа спортшыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, әкімшілікке, техникалық персоналға арналған кабинеттер кіреді. Сондай-ақ, құрғақ жылу камералары, тұзды бөлме, жаттығу залы, инфрақызыл сәуле бөлмесі бар. Ауданы 720,0 м2 спорт залында спорттың үш түрі (баскетбол, волейбол, шағын футбол) бойынша ойын алаңдары, 100 көрерменге арналған мобильді трибуналар қарастырылған.
Қатты отынмен жұмыс істейтін 2 қазандығы бар блокты-модульдік қазандық, авто-тұрақ және периметрі бойынша вело-тұрақ қарастырылған. Аумақты қоршау және периметрі бойынша бейне бақылау камераларын орнату қарастырылған.