Аудандық "Нұрлы жол"газетінде үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы мәліметтер

"Нұрлы жол" газетінің редакциясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін алаң беру шарттары, төлем мөлшері және тәртібі туралы хабарлайды.

Баспа алаңы барлық тіркелген кандидаттарға сайлауалды үгіт материалдарын жариялау үшін тең шарттарда беріледі. Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемін және шарт жасасуды көрсете отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет алаңының 1 шаршы метріне 210 теңге есебінен баспа алаңын беру құнына ақы төлеу жүргізілсін.
Барлық сайлауалды баспа үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тапсырысты тапсырған тұлға туралы ақпарат болуға тиіс. Кандидаттар баспа материалдарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай - ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді-бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.

Редакция басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарының мәтіндері жарияланбайды.

Газет редакциясы өтініштерді, мәтіндерді қабылдайды және демалыс күндерінен басқа жұмыс уақытында шарттар жасайды: Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Абай көшесі, 81 үй, тел. 8-(714-44) 2-12-08, nurlijol@mail.ru.