«Комаров кен кәсіпорны» ЖШС

Хабарландыру

«Комаров кен кәсіпорны» ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес ««Жітіқаракоммунэнерго» КМК тиесілі буландыру тоғанының бесінші картасын қайта жаңғырту, көлемі 6,5 млн м³ болатын «Комаров кен кәсіпорны» ЖШС-нің карьерлік суларын ағызу мақсатында пайдалану» жобасы бойынша ықтимал әсерлер туралы есепке қатысты қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жұмыс учаскесінің географиялық координаттары:

  1. 52°13'11.6774" с.е., 61°21'40.8983" ш.б.;
  2. 52°13'27.3826" с.е., 61°22'41.6584" ш.б.;
  3. 52°13'53.1954" с.е., 61°22'25.9330" ш.б.;
  4. 52°13'37.2995" с.е., 61°21'24.4350" ш.б.

Ықтимал әсер етуі мүмкін әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесі: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Пригородное ауылы.

Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 27 қарашада сағат 11:00-де өтеді.

Өтетін орны: Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Пригородное ауылы, 40 жыл Победы көшесі, 1А құрылыс, Мәдениет үйінің ғимараты.

Қоғамдық тыңдаулар жоспарланып отырған қызмет объектісіне ең жақын орналасқан елді мекен аумағында өткізіледі.

Қоғамдық тыңдаулар барысында Zoom платформасы арқылы бейнеконференция байланысына онлайн қосылуға болады.

Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда, қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде өткізіледі.

Қоғамдық тыңдауларға қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09

Конференция идентификаторы: 387 530 9521

Қолжетімділік коды: uv3JD5

Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша ашық жиналысты өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы: «Комаров кен кәсіпорны» ЖШС, тел.: +7 (71435) 2 43 95. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 110700, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, Кирзавод көшесі, 1А. БСН: 120540007504.

Жоба әзірлеушісі «Solidcore Resources Engineering» ЖШС (2025 жылғы 31 қаңтардағы № 02877Р мемлекеттік лицензияны «ҚР Э және ТРМ экологиялық реттеу және бақылау комитеті» РММ берген). Мекен-жайы: Астана қ., Қонаев к-сі, 10, 4 қабат, БСН – 071040004710. Тел/факс: +7 (7172) 610 222 - 455, электрондық пошта: ShaimerdinovaAB@solidcore-resources.kz.

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушы: «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Қоғамдық тыңдауға шығарылатын материалдармен, сондай-ақ кейіннен жарияланатын қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar/documents/1?directions=_7360&lang=kk танысуға болады.

Жоспарланып отырған қызмет, қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоспарланып отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін келесі мекенжай бойынша сұратуға болады: E-mail: E-mail: ShaimerdinovaAB@solidcore-resources.kz, тел. +7 (7172) 610 222 - 455.

Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша ескертулер мен ұсыныстарды қағаз немесе электрондық түрде қоғамдық тыңдауларды басталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей https://ndbecology.gov.kz сайтына, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның пошталық мекенжайына: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, кеңсе, электрондық мекенжайы: kostanai-ecodep@ecogeo.gov.kz; «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ: zh.remizova@kostanay.gov.kz, тел. 8 (7142) 54-61-66, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72 мекенжайына жолдауға болады. Сондай-ақ осы мекенжайларға жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды жолдауға болады.

Жарияланған күні

27 қазан 2026 15:39

Жаңарту күні

27 қазан 2026