Меню

Страницы

Статья

Общественный Совет

    

Қосымша 1
мәслихат шешіміне
2023 жылғы " 23 " қазандағы
№ 72

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
Сарыкөл ауданы Урожайное селосы
Қостанай облысы


1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді Урожайное ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны-ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Урожайное ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін Урожайное ауылының аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Ауыл әкімі ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуді шақырады және ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Жергілікті қоғамдастықтың халқын ауыл әкімі оны өткізген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етеді.
7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ашудың алдында қатысып отырған ауыл тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Бөлек жиынның төрағасы, егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және Бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы Урожайное ауылы әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілетін күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3)Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген қатысушылардың саны мен тізімі;
4) жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде);
5) күн тәртібі, сөз сөйлеу мазмұны және қабылданған шешімдер.

 

2 қосымша
мәслихат шешіміне
2023 жылғы " 23 " қазандағы
№ 72


Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

 

Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Урожайное ауылының тұрғындары үшін 5

Дата публикации
01 декабря 2023
Дата обновления
01 декабря 2023
Тип
Общественный совет

Сейчас читают

Полезная информация
26 сентября 2025
График приема граждан
26 сентября 2025
Положение ГУ
26 сентября 2025
Таза Қазақстан

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы