Меню

Страницы

Статья

Құрметті аудан тұрғындары!


Сарыкөл ауданында қоғамдық орындарда иесінің қарауынсыз жүрген иесіз және қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес жүзеге асырылады:
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII Заңы;
«Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары» (17 қазан 2022 жыл, № 232);
«Қостанай облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары» (17 қазан 2022 жыл, № 233).
Аулау жұмыстары жануарларға жарақат келтірмейтін ізгілікті әдістермен, торлар, қапастар, ілмектер, арнайы бекіту құрылғылары және жануарларды уақытша қозғалыссыз қалдыруға рұқсат етілген препараттарды қолдану арқылы жүргізіледі. Барлық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін, олардың мүлкін және қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып атқарылады.
Ауланған жануарлар панажайларға немесе уақытша ұстау пункттеріне жіберіледі. Сәйкестендіру және стерилизациялау процедураларынан өткеннен кейін жануарлар өздерінің табиғи тіршілік ету ортасына қайтарылуы мүмкін.
Жануарларды жансыздандыруға тек адамның немесе басқа жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке нақты қауіп төнген жағдайларда ғана ветеринариялық нормаларды сақтай отырып жол беріледі.

2026 жылға қаңғыбас жануарларды аулау, ұстау, сәйкестендіру және стерилизациялау жұмыстарына 3,2 млн теңге бөлінді, бұл аудан бойынша 85 итті қамтуға мүмкіндік береді. Конкурс нәтижесі бойынша қызметті «Ершова А.Г.» ЖК жүзеге асырады, шарт 2026 жылғы 2 наурызда жасалды. Қазіргі уақытта ветеринариялық препараттарды, чиптерді және аулауға арналған жабдықтарды сатып алу жүргізілуде. Жұмыстар 2026 жылдың сәуір айының ортасында басталады.
Барлық аудан тұрғындарын иесіз жануарлар туралы «IKOMEK» ситуациялық орталығы арқылы немесе тікелей аулау қызметіне хабарлауға шақырамын.

Сарыкөл ауданының ауыл шаруашылығқ бөлімінің басшысы Талғат Мұқанов

Дата публикации
20 апреля 2026
Дата обновления
20 апреля 2026
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
05 октября 2026
Знать, понимать, соблюдать: о религии и законе говорили в Сарыкольском районе
Информация
02 октября 2026
Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев составил 14,64 трлн тенге
Информация
02 октября 2026
Инвестиционные портфели под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 сентября 2026 года

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы