Мәслихаттың 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 362 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Мәслихаттың 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 362 «Бейбіт жиналыстарды
ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 362 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасында «Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар»;
көрсетілген шешімнің 2 - қосымшасында 18 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды;»;
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасында 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.».
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
10