Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Көру саны:3
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексіне, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін:
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жанама орман пайдалану үшін;
3) осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;
4) осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін.
- Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
1-қосымша
Ағаш шырындарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
| Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
| Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
| Ағаш шырындарын дайындау (қайың шырыны) | гектар | 2879 |
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
2-қосымша
Жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері
| Орман пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
| Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге) | |
| Шөп шабу, оның ішінде шабындық жерлердің сапалы жай-күйінің топтары бойынша: | ||
| жақсы | гектар | 3102 |
| қанағаттанарлық | гектар | 2327 |
| нашар | гектар | 1809 |
| Мал жаю, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының топтары бойынша бір мал басының жайылымы: | ||
| Ірі мал: ірі қара мал, жылқы | бір бас | 1447 |
| Ірі қара малдың төлі | бір бас | 723 |
| Есек | бір бас | 723 |
| Ешкі | бір бас | 1266 |
| Қой | бір бас | 361 |
| Ара ұялары мен омарта орналастыру | 1 омарта үшін | 2585,6 |
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
3-қосымша
Қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін төлемақы мөлшерлемелері
| № | Ағаш және бұта тұқымдарының атауы | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
| Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі
(айлық есептік көрсеткіш) |
||
| 1. | Қайың | ||
| қабықтар | тонна | 0,016 | |
| бұтақтар | тонна | 0,032 | |
| томарлар | тонна | 0,008 | |
| тамырлар | тонна | 0,048 | |
| жапырақтар | тонна | 0,024 | |
| бүршіктер | килограмм | 0,016 | |
| 2. | Қарағай | ||
| қабықтар | тонна | 0,021 | |
| бұтақтар | тонна | 0,042 | |
| томарлар | тонна | 0,011 | |
| тамырлар | тонна | 0,063 | |
| жапырақтар | тонна | 0,032 | |
| бүршіктер | килограмм | 0,021 | |
| 3. | Көктерек, терек | ||
| қабықтар | тонна | 0,011 | |
| бұтақтар | тонна | 0,022 | |
| томарлар | тонна | 0,01 | |
| тамырлар | тонна | 0,033 | |
| жапырақтар | тонна | 0,02 | |
| бүршіктер | килограмм | 0,011 | |
| 4. | Сары қарағанның, бұта тектес талдардың, шырғанақтың, жүзгіннің, шеңгелдің және өзге де бұталардың бұтақтары | тонна | 0,024 |
Мәслихаттың
2020 жылғы «____»_________
№ ________шешіміне
4-қосымша
Қостанай облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін, ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін төлемақы мөлшерлемелері
| Орманды пайдалану түрлері | Ормандарды молықтыруға жұмсалған шығындар әдістері | |
| Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемесі (теңге, айлық есептік көрсеткіш) | |
| Ұзақ мерзімді орман пайдалану | ||
| Ағаш және бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін | гектар | 0 теңге |
| Аңшылық шаруашылығының мұқтажы үшін | гектар |
2585,6 теңге
|
| Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін | гектар | 1292,8 теңге |
| Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін | гектар | 4915,7 теңге |
| Қысқа мерзімді орман пайдалану | ||
| Ғылыми-зерттеу, сауықтыру мақсаттары үшін | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |
| Рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін | адамнан әрбір болған күн үшін | 0,1 айлық есептік көрсеткіш |
05 ақпан 2021
05 ақпан 2021