2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ

            Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Меңдіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс екенін ескертеміз. Ескертулер және (немесе) ұсыныстар kultura.mend@mail.ru, электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз, өйткені Меңдіқара ауданы әкімінің сайты кері байланысты көздемейді.

2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары  туралы ақпарат

№  

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы топтары

Күтілетін нәтиже

1

Мүмкіндігі шектеулі балалардың өзін-өзі жүзеге асыру қызметі, мүгедектерді қоғамға тиімді интеграциялау тәжірибесін тарату

1 500 000

Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы Заңы

Ауданның мүмкіндігі шектеулі балалары

Мүмкіндігі шектеулі балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру

 

 

Жарияланған күні

04 желтоқсан 2025 10:58

Жаңарту күні

04 желтоқсан 2025

Бағыттар