2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ

            Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімінің» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмауы тиіс екенін ескертеміз. Ескертулер және (немесе) ұсыныстар mendovp@mail.ru ,  электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз, өйткені Меңдіқара ауданы әкімінің сайты кері байланысты көздемейді.

2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары  туралы ақпарат

№  

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге)

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы топтары

Күтілетін нәтиже

1

Жастар көшбасшылары мектебі

1 050 000

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

 

           

 

           

Аудан жастары 14 жастан 35 жасқа дейін («Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңының қолданыстағы редакциясына сәйкес).

Волонтерлік бағыттарды дамыту,қаржылық сауаттылықты оқыту, жобаларды жазу, SMM оқыту

Жарияланған күні

04 желтоқсан 2025 18:21

Жаңарту күні

04 желтоқсан 2025

Бағыттар