2025 жылдың мамыры бойынша Меңдіқара ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат

  • Өнеркәсіп. Аудан кәсіпорындарында өнеркәсіп өнімі 2 025,1 миллион теңге сомасында шығарылған. Нақты көлем индексі - 453,3%.
  • Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнімнің жалпы шығарылымы 3 185,7 миллион теңге немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 122,4% құрады.
  • Ет 1 204,9 тонна, сиыр сүті – 5 411,9 тонна, тауық жұмыртқасы - 501,7 мың санында өндірілген.
  • Мал мен құстар саны 2025 жылдың 1 маусымына құрады: ІҚМ – 22 382 бас немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 109,3%, сонымен қатар сиырлар - 9 924 бас немесе 106,4%, жылқылар - 13 578 бас немесе 113,6%, қойлар мен ешкілер 25 260 бас немесе 102,3%, шошқалар - 4 428 бас немесе 139,7%, құстар - 63,4 мың бас немесе 111,6%.
  • Шағын және орта кәсіпкерлік. 2025 жылдың 1 маусымына ауданда шағын және орта бизнестің 1 326 субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде (2025 жылдың 1 қаңтарына Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша) 3 372 адам жұмыс істейді.
  • ШОБ субъектілерімен өнім шығарылымы 2024 жылдың қаңтары - желтоқсаны бойынша (Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша) 44,8 миллиард теңгені құрады.
  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 909,0 миллион теңгені құрады немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 51,2%.

Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорынның, ұйымдардың және тұрғындардың жеке және қарыздық қаражаттары - 77,0%.

Құрылыс жұмыстары. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы 539,0 шаршы метр пайдалануға енгізілген немесе 2024 жылдың мамырына 46,1%.

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - 21,0 миллион теңгені құрады, 2024 жылдың ұқсас кезеңіне НКИ - 25,4%.

Сауда. Бөлшек сауданың көлемі 3 102,7 миллион теңге немесе 2024 жылдың мамырына 100,0%  құрады.

Көтерме сауданың айналымы 371,7 миллион теңге құрады, НКИ - 100,1%.

Өмір сүру деңгейі. Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы аудан кәсіпорындарында 2025 жылдың қаңтары - наурызы бойынша 258 591 теңгені құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 105,0%.

Қаржы. Жергілікті бюджет 98,4% орындалған, 2 155,7 млн теңге түсті.

Жарияланған күні

02 шілде 2025 17:27

Жаңарту күні

02 шілде 2025