2024 жылдың қаңтары - қыркүйегі бойынша Меңдіқара ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпарат
- Өнеркәсіп. Аудан кәсіпорындарында өнеркәсіп өнімі 754,3 миллион теңге сомасында шығарылған. Нақты көлем индексі - 29,3%.
- Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының өнімнің жалпы шығарылымы 25 590,7 миллион теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 158,8% құрады.
- Ет 2 039,8 тонна, сиыр сүті - 8 851,3 тонна, тауық жұмыртқасы - 1 807,5 мың санында өндірілген.
- Шағын және орта кәсіпкерлік. 2024 жылдың 1 қыркүйегіне ауданда шағын және орта бизнестің 1 346 субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде (2024 жылдың 1 шілдесіне) 3 334 адам жұмыс істеді.
- ШОБ субъектілерімен өнім шығарылымы 2024 жылдың қаңтары - маусымы бойынша 11,6 миллиард теңгені құрады.
- Негізгі капиталға салынған инвестициялар 10 580,0 миллион теңгені құрады немесе 2023 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 106,3%.
Инвестициялардың негізгі үлесі кәсіпорынның, ұйымдардың және тұрғындардың жеке қаражаттары - 80,0%.
Құрылыс жұмыстары. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы 3 612,0 шаршы метр пайдалануға енгізілген немесе 2023 жылдың қаңтарына - қыркүйегіне 176,6%.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар - 825,0 миллион теңгені құрады, 2023 жылдың ұқсас кезеңіне НКИ - 785,7%.
ҚМЖ көлемі 5 145,0 миллион теңге (2023 жылдың қаңтары - қыркүйегі - 3 424,0 миллион теңге) құрады немесе ұқсас кезеңіне 145,4%.
Сауда. Бөлшек сауданың көлемі 6 150,0 миллион теңге немесе 2023 жылдың қаңтарына - қыркүйегіне 103,8% құрады.
Көтерме сауданың айналымы 1 827,5 миллион теңге құрады, НКИ - 100,3%.
Өмір сүру деңгейі. Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы аудан кәсіпорындарында 2024 жылдың 6 айы бойынша 286 802 теңгені құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 115,2%.
Қаржы. Жергілікті бюджет 100,4% орындалған, 4 500,9 млн теңге түсті.
12
17 қазан 2024 17:05
17 қазан 2024