1 КЕЙС: 2024 жылғы 27 наурыздағы № ҰЖ-2024-03520152 жолданым. Меңдіқара ауданы әкімінің аппаратына сумен жабдықтау проблемасы бойынша Первомайское ауылы Островский, Рабочая және Трудовая көшелерінің тұрғындары жүгінді.
НӘТИЖЕ: ағымдағы жылдың сәуір айында «Боровское ЖКХ-2016» МКК құбырды қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары жүргізген, сумен жабдықтау жолға қойылған.
2 КЕЙС: 2024 жылғы 12 наурыздағы № ЖТ-2024-03407134 жолданым. Первомай ауылдық округі әкімінің аппаратына Лесное ауылының тұрғыны байланыс және интернет проблемасымен жүгінді.
НӘТИЖЕ: ағымдағы жылы Лесное ауылында 24 метр биіктігі байланыс тірегіне жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі уақытта тіректі салу туралы келісім жасалды, құрылысты аяқтау қараша айына жоспарланған.
3 КЕЙС: 2024 жылғы 27 наурыздағы № ЖТ-2024-03528153, 2024 жылғы 2 сәуірдегі № ЖТ-2024-03592002 жолданымдар. Меңдіқара ауданы, сондай-ақ Соснов ауылдық округі әкімінің аппараттарына көктемгі су тасқыны кезінде ауланы су басу проблемасымен Боровское және Харьковское ауылдарының тұрғындары жүгінді.
НӘТИЖЕ: екі жағдайда да сол күні мотопомпалармен еріген суды сору шаралары қабылданды.