2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметінің есебі

2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ қызметінің есебі

 

  1. Жалпы ережелер
  • Қызмет беруші туралы мәлімет

         «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (одан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын атқаруды жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу деп білінеді.

         Заңды мекен - жайы: Боровское ауылы, Королев көшесі, 5.

         Байланыс телефоны: 8(714-43) 2-45-72.E-mail-mendikara.kostanay.gov.kz

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

         Бөліммен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 1 түрін көрсетеді «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету». Осы мемлекеттік жобасы аясында мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы және шамамен 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үй құрылысы немесе сатып алу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 

Көтерме жәрдемақы 2022 жылда көлемі 306 300 теңге, бюджеттік кредит 4 594 500 теңге. 

2022 жыл бойынша көтерме жәрдемақыны 10 414,2 мың теңге жалпы сомасына 34 маманға және бюджеттік кредит - 45 945,0 мың теңге сомасында 10 маманға, оның ішінде білім беру саласына - 20 маман, денсаулық сақтау – 14 маман, мемлекеттік қызмет - 1 маман, спорт - 1 маман, мәдениет - 2 маман, агроөнеркәсіптік кешен - 1 маманға берілді. Бағдарлама 2022 жылдың маусымынан бастап қарашасы аралығында іске асырылған.

2022 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 39, сонымен қатар қызмет беруші арқылы - 0, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» жеке кабинеті арқылы - 39 құрады. 

         - тегін негізде көрсетілетін қызметтер - 1, ақылы негізде - 0;

         - қағаз түрінде көрсетілетін қызметтер - 0, электрондық нысанда - 1.

         3) Ең талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

         Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 1 мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетеді - «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,  ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету».

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

         1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қызмет алушылармен ақпараттандыру үшін Бөлім ғимаратының холында ақпараттық стенд жабдықталған, онда мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған. Сондай - ақ ақпарат Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында - www. mendikara.kostanay.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс - орталықтың телефоны: 1414.

         2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылған, сондай - ақ жеке қабылдау барысында түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін жетілдіру бойынша қызмет

         1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер автоматтандырылған. Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мәлімет «Ауылдық ипотека бойынша өтінімдерді қабылдау бойынша бағдарламалық өнімі» АЖ ақпараттық жүйелер деректерінің базасына енгізіледі. Мемлекеттік көрсетілген қызметтер мониторингі ай сайын жүргізіледі, олар ішкі бақылау, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне ұсынылады.

                 

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау

         1) 2022 жыл бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

         2) Бағалау бойынша уәкілетті органмен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша бақылау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша бақылау жүргізілген жоқ.

3). Тиімділікті бағалаудың критерийлерінің бірі қызметтерді өз уақытында және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттанарлық деңгейін жоғарлату болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің есептілігі мен ай сайынғы мониторингі жүргізіледі. Бөлім мамандарының атына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына көрсетілетін қызмет алушылардың қанағаттанарлығының бұдан әрі тиімділігі және арттыру перспективалары

         Ұлттық экономика министрлігімен 2020 жылда әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидаларына өзгеріс пен толықтыру енгізілген болатын, онда жоспарлануда:

- бюджеттік кредиттер жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша оң бес жылға дейінгі мерзімге теңгеде олармен тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы  мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылады;

- ауданның жергілікті атқарушы органы алдыңғы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің талап етілетін мамандықтарының тізімі (одан әрі - тізім)  қалыптасады,  ол бір жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылады және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ұсынылады;

- жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлімет, некені қиюды   (жұбайлықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркелу туралы мәлімет, қызмет алушыда және оның жұбайында және балаларында жылжымайтын мүліктің (бар болған жағдайда) жоқтығы туралы, қызмет алушының атына тұрғын үйдің құрылысына ұсынылатын жер учаскесінің пайдалану құқығы туралы анықтамалар, еңбек қызметі бойынша  мәлімет, орта білімнен кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білімі бар дипломының болуы туралы мәлімет Мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе қызмет алушы  «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.    

- әлеуметтік қолдау шаралары қызмет алушымен бұрын берілген несиелер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ болатын (осы Қағидалардың 10 тармағында көрсетілген  құжаттарды қарастыру кезінде), сондай - ақ соңғы 2 (екі) жылдан астам 90 (тоқсан) күнтізбелік күнде мерзімі өтіп кетудің болмауы.   

         Мемлекеттік қызмет көрсетулердің электрондық түрлерін насихаттау мақсатында мақалалар жариялау, жария тыңдаулар өткізу, түсіндіру іс - шаралары жоспарланған.

 

 

 

Жарияланған күні

24 наурыз 2023 10:42

Жаңарту күні

17 тамыз 2026

Түрі