«Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 және Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 «Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулысы мен шешімімен,Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің «Меңдіқара ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 52 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 5429 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:көрсетілген қаулының қосымшасында 18, 6 реттік нөмірлері алынып тасталсын.
2. «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5
13 мамыр 2020 00:00
13 мамыр 2020