Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы 2021 жылғы 1 шілдеге есепке түсіндірме жазба

Қостанай облысы

бюджетінің атқарылуы туралы

2021 жылғы 1 шілдеге есепке түсіндірме жазба

 

Кірістер бойынша бюджеттің атқарылуы

 

2021 жылғы 1 шілдеге арналған облыс бюджетінің кіріс бөлігі              182 441 825 мың теңгені жоспарлау кезіңде 105,4 %-ға атқарылды, іс жүзінде 192 277 936,3 мың теңге түсті, жоспарға қосымша 9 836 111,3 мың теңге немесе  5,4 % түсті.

Түсімдер (1-3 санаттары) 62 832 729,5мың теңгені немесе есепті кезеңнің жоспарына 118,6% құрады, 2020 жылға қарсы 21,3 %-ға немесе 11 051 390,7 мың теңгеге артты (2020 жылғы кезеңге 51 781 338,9 мың теңге түсті).

Салық түсімдер 58 481 721,3 мың теңгені немесе есепті кезеңнің жоспарына 113,7% құрады, есепті кезеңде 28,4%-ға  жеке табыс салығының түсімдер есебінен қалыптасты. Аталған дерек көздің нақтыланған жоспар 105,8 %-ға  орындалды,  облыстың бюджетіне қосымша 903 948,3 мың теңге түсті, 2020 жылға қарсы түсімдер 12,2%  немесе 1 810 068,2 мың теңгеге артты.

Сондай-ақ, әлеуметтік салық есебінен 21,5%-ға. Жоспарды орындау           103,7% құрады, облыстың бюджетіне қосымша 444 305,1 мың теңге түсті,                 2020 жылға қарсы түсімдер 9,6%-ға  немесе 1 095 169,2 мың теңгеге артты.

Меншікке салынатын салықтар бойынша жоспар 106,5%-ға орындалды, облыстың бюджетіне қосымша 347 554,2 мың теңге түсті.

Аталған сыныптың кіші сыныптарын атқару:

- мүлікке салынатын салық бойынша 103,2% (қосымша 125 865,9 мың теңге түсті);

- жер салығы бойынша 112,4 % (қосымша 17 021,9 мың теңге түсті);

- көлік құралдарына салынатын салық бойынша 116,3% (қосымша              198 722,4  мың теңге түсті);

- бірыңғай жер салығы бойынша 8,5 ретке  орындалды (қосымша  5 944,1 мың теңге түсті) құрайды.

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша жоспар 102,8%-ға орындалды, жергілікті бюджетке қосымша  110 844,1 мың теңге түсті.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты тұрақты әкімшіліктендіру салдарынан жоспар 15 021,8 мың теңгеге немесе 38,7%-ға орындалды. Аталған салық бойынша түсімдердің негізгі  үлес салмағы Қостанай қаласы бойынша 68,1%-ға келеді.

Жер салығы бойынша жеке тұлғалардан жер салығы бойынша берестердің түсуіне байланысты, сонымен қатар салықты тұрақты әкімшіліктендіру есебінен жоспар 12,4%-ға немесе 17 021,9 мың теңгеге асыра орындалды.

Заңды және жеке тұлғалардың көлігіне салынатын салық бойынша жоспарды асыра орындау тұрақты әкімшілік ету нәтижесінде қалыптасты, оның нәтижесінде 198 722,4 мың теңге сомасында немесе 116,3%-ға қосымша түсімдер, сондай-ақ жылдық декларациялары жөніндегі алдағы болатын есептеулер бойынша төлеу есебінен қамтамасыз етілді. Ең ірі түсімдер мына тұлғалардан түсті: «Геопартнер» ЖШС – 3 500 мың теңге, «Astana Grand Trade» ЖШС –  1 500 мың теңге, «Надежность и К» ЖШС – 900 мың теңге, «ВСР» ЖШС – 800 мың теңге және басқалар.

Акциздер кіші сыныбы бойынша болжам 108,2%-ға орындалды, бюджетке қосымша 115 074,4 мың теңге түсті, аталған артық орындалуы алкогольдік өнімдерді сатуды жүзеге асыратын кәсіпорындардан ірі түсімдер есебінен қалыптасты.

Жалпы акциздердің түсімі 2020 жылмен салыстырғанда 15,2%-ға немесе 263 830,3 мың теңгеге артты. Түсімдердің осы өсуіне сыраға акциздердің ставкалары 13 теңгеге артуы әсер етті.

Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер 6 470 269,8 мың теңгені құрады, жоспар 13,8 %-ға асыра орындалды, қосымша облыс бюджетіне 786 435,8 мың теңге түсті.

Облыс бюджетіне салықтық емес түсімдер 1 510 606,1 мың теңге құрады, ол жоспардан 4,9 ретке немесе 1 204 992 мың теңгеге (жоспар 305 614,1мың теңгеге) артты. Осы санаттағы түсімдердің барынша үлесі 38,1% (575 450,8 мың теңге) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер департаменттерімен және олардың аумақтық бөлімшелерімен салынатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, жазалар, сондай-ақ  салық емес түсімдердің жалпы сомасында басқа да салық емес түсімдер 16,7% (252 338,1 мың теңге) құрайды. Осы төлемдер бір жолғы сипатта және жоспарланбаған кіріс көздері болып табылады.

2021 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуға және оның инрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары 119 745,6 мың теңгені құрады.

Есепті кезеңде негізгі капиталмен жасалатын операциялардан түсімдер 2 840 402,1 мың теңгені құрайды, ол жоспардың 222,2% (кезеңдегі жоспар 1 278 313,4 мың теңге) құрайды.

Республикалық бюджеттен трансферттер түсімдері                   129 445 206,8 мың теңге сомасына толық көлемінде қамтамасыз етілді (100%).  

766 171,5 мың теңге жоспарлау кезіңде бюджеттік кредиттерді өтеу  863 228,1 мың теңгені құрады. Жеке тұлғалармен бұрын жергілікті бюджеттен берілген кредиттерді мерзімінен бұрын қайтаруына байланысты, осы санаттағы түсімдерді 97 056,6 мың теңгеге асыра орындау қалыптасты.

Ағымдағы жылы мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер 8 610,7 мың теңге құрады. Аталған төлемдер коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың құнды қағаздарын, қатысу үлестерін сатудан, сондай-ақ мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруында немесе шаруашылық жүргізуінде тұрған өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан жүзеге асырылды.

Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға  ішкі нарықта айналдыру үшін  облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздарды жартылай шығаруына байланысты қарыздардың түсімдері                    3 678 040,0 мың теңге.

 

Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы

 

2021 жылғы 1 шілдеге арналған бюджеттің шығыстары                152 587,1 млн.теңге сомасында немесе ағымдағы кезеңінде жоспарға 100% атқарылды, ол 152 615,1 млн.теңге құрайды, соның ішінде:

  • шығындар 146 322,8 млн. теңге сомасында немесе 100% атқарылды, соның ішінде әлеуметтік саланы ұстауға 84 055,7 млн.теңге немесе жүргізілген шығындар сомасынан 57,4% жіберілді;

Экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар бөлінісінде облыс бюджетінің атқарылуы келесі түрінде қалыптасты:

2021 жылғы 1 шілдеге жағдайы бойынша 28,0 млн.теңге жұмсалмай қалды, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер 100-ға игерілді.

 

1.«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы.

 

2021 жылғы 1 жарты жылдыққа арналған төлемдер бойынша 5 897 410,9 мың теңгені жоспарлау кезінде, кассалық орындалуы      5 894 749,9 мың теңгені немесе 100 % құрады, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмысын қамтамасыз етуге өткізілген шығындар              5 042 494,6 мың теңге (үлесі – 85,5 %), мемлекеттік органдардың және ведомстводық бағынысты мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың күрделі шығыстарына 245 435,1 мың теңге (үлесі – 4,2 %) жұмсалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымына және Қостанай облысы, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген, атқарушы органдардың штаттық санының лимитіне сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес жергілікті құзыретті және атқарушы органдарды ұстау бойынша бюджетті орындау жүзеге асырылды.

Осы функционалдық топ бойынша штат саны 2390 бірлігінің лимитімен 305 жергілікті мемлекеттік органын, оның ішінде штат саны   1046 бірлігімен 199 қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің аппаратын ұстау қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік органдардың объектілерін дамытуға 263 781,2 мың теңге жұмсалды (Сараптама. Қостанай қ. Майлина көшесі 2А мекенжайы бойынша орналасқан  гараждарды, кеңсе үй-жайларын қайта құру - 1 330,7 мың теңге; Қостанай қаласындағы «Алтын Саф» мейрамхана кешенің әкімшілік ғимарат ретінде қайта құру - 940,8 мың.теңге; Уральская көшесі, 32/1 мекнжайы юойынша орналасқан әкімшілік ғимаратты және гаражды салу -72 753,7 мың теңге; СМР. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде әкімшілік ғимаратының құрылысы – 188 756,0 мың теңге ).

 

  1. «Қорғаныс» функционалдық тобы.

 

Облыстың қорғаныс кешенін ұстауға шығындардың орындалуы есепті кезеңінде 215 527,5 мың теңге жоспарлау кезінде 215 510,1 мың теңгені, немесе 100 % құрады.

Жалпылама әскери міндеттілікті атқару жөніндегі іс-шараларға шығыстарды қаржыландыру 121 301,2 мың теңге сомасына, соның ішінде тіркеуге алу және әскери қызметке шақыру, шақыру және жұмылдыру ресурстарын есепке алу бойынша жүзеге асырылды.

Аумақтық қорғаныс пен облыстық ауқымдағы аумақтық қорғаныс дайындау үшін 35 333,5 мың теңге жұмсалды, оның ішінде қорғаныс бойынша мүлік қоймасын күзету бойынша қызметтеріне арналған.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға арналған шығындар               23 553,3  мың теңгені құрады, олар тасқын су басуынан алдын алу бойынша шығындарды өтеуге бағытталды, қар жиналымдарын тазарту жұмыстары жүргізілді, жанар-жағар май материалдары сатып алынды.

Аудандық (қалалық) аумақтарында дала өрттерін, сонымен қатар  өртке қарсы мемлекеттік қызмет органдар құрылмаған ауылдық елді мекендерде өрттерді сөндіру және алдын алу бойынша іс-шараларға                710,5 мың теңге жұмсалды. Қаражат өрт сөндіру құралын, отынды және жанар-жағар май материалдарын сатып алуға бағытталды.

«Аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің күрделі шығындары» бағдарламасы бойынша атқарылуы               3 762,0 мың теңгені құрады (цифрлық УКВ стационарлық  радиостанция -   5 бірлік, (цифрлық УКВ мобильді  радиостанция - 5 бірлік).

Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайларды алдын алуға және ескертуге шығындар 30 849,7 мың теңгені құрады, олар көпірлерде, бөгендерде мұзды қопсыту және Қостанай облысының өзендерінде мұздың бөгелуін жою бойынша жарылыс жұмыстарын өндіруге, су тасқындары және өрттен өту кезінде өрттер қауіпсіздігі кезеңінде ғарыштық мониторингке жіберілген.

 

3.«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобы. 

 

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге есептік кезеңге 4 345 878,3 мың теңге жоспарлау кезінде, кассалық шығыстар                    4 345 716,4 мың теңге (100 %) құрады, соның ішінде ҚР ІІМ Қостанай облысының Ішкі істер департаментін және 2502 бірлігі лимит кезіңде            2337 адам нақты штат санымен оның аумақтық бөлімшелерін ұстауға арналған шығындар 4 207 120,1 мың теңге (96,8%) құрады.

1 564,0 мың теңге сомасына қоғамдық тәртібін қорғауға қатысқан           57 адам мадақталды.

Облыстың құқық қорғау органдарының күрделі шығыстарының жалпы сомасынан 34 911,3 мың теңге жұмсалды (Samsung планшеттері – 160 бір., сплит-жүйесінің желдеткіші - 1 бір., сплит-жүйесінің желдеткіші - 2 бір., бағдарламалық  қамтамасыз ету - 23 бір.).

Есепті кезеңде белгілі тұратын жерлері және құжаттары жоқ тұлғалар үшін қабылдау-таратуда 116 адам ұсталды, арнайы қабылдау бөлмесінде – 1343 адам, уақытша ұстау изоляторларында - 808 адам. 61 итті, 12 атты ұстау қамтамасыз етілді.

Ауылдық елді мекендерінде жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 102 120,9 мың теңге жұмсалды.

 

                         4.«Білім» функционалдық топ.

 

2021 жылғы бірінші жарты жылдықта жоспарлау кезіңде               66 390 427,4 мың теңгені жоспарлау кезінде атқарылуы 100%-ын құрады.

Есепті кезеңде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» бағдарламасы бойынша кассалық атқарылуы 4 889 974,3 мың теңгені немесе жоспардың 100%-ын құрады. Осы бағдарлама бойынша орта жылдық саны 17345 адаммен 122 мектепке дейінгі ұйым ұсталады. 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бағдарлама бойынша 7775 балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен  қамтамасыз етуге 1 922 837,3 мың теңге сомасында 61 мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды, игерілуі 100%-ын құрады.

«Балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша атқарылу 1 815 754,1 мың теңгені немесе жоспардың 100%-ын құрады. Аталған бағдарлама бойынша 36664 адам оқушылар санымен             46 ұйымды ұстау қамтамасыз етілді.

 «Балаларға спорттан қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша атқарылу 1 736 989,8 мың теңгені немесе жоспардың 100%-ын құрады. Аталған бағдарлама бойынша оқушылар саны  20477 адаммен 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін  ұстау қамтамасыз етілді.

 «Арнайы білім беру бағдармалары бойынша жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша кассалық атқарылуы 1 244 524,5 мың теңгені немесе жоспардың 100%-ын құрады.  Аталған бағдарлама бойынша оқушылардың орташа жылдық саны 931 адаммен 7 түзету мекемесі бар.

 Есепті кезеңде «Білім берудің мамандандырылған ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 514 219,3 мың теңге немесе жоспардың 100%-ы бөлінді және оқушылардың саны 952 адаммен дарынды балаларға арналған 3 мектеп-интернатын ұстау қамтамасыз етілді.

«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға» бағдарламасы бойынша кассалық шығыстар 10 286 072,9 мың теңгені немесе жоспардың 99,9% құрады. Оқушылардың саны 65270 адаммен 83 жалпы білім беру мектебін ұстау қамтамасыз етілді.     

«Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша кассалық шығыстар 33 102 020,7 мың теңгені немесе жоспардың 100% құрады. Оқушылардың саны 42914 адаммен 402 жалпы білім беру мектебін және оқушылардың саны 454 адаммен 5 кешкі мектебін ұстау қамтамасыз етілді.     

        2021 жылғы 1 шілдедеғі жағдай бойынша білім беру ұйымдары бойынша күрделі шығындар 1 688 825,8 мың теңгені құрады, олар 100% игерілді. 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау» бағдарламасы бойынша 4 833 629,1 мың теңге немесе жоспардың 100% бөлінді, оқушылардың жалпы саны  12149 адаммен  25 мемлекеттік колледж бойынша және 6 жеке мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға.

       «Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау»  бағдарламасы бойынша есепті кезеңіңде 394 835,0 мың теңге сомасында (жоспардың 100%-ы) 2 медициналық колледжде оқушылардың саны               737 адаммен мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылды.

«Облыстық мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру» бағдарламасы бойынша атқарылу 29 891,8 мың теңгені немесе жоспардың 100 %-ы құрады, 489 мектебі Wi-Fi-ға қосылды.

«Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес көмегін көрсету»  бағдарламасы бойынша атқарылуы 251 095,9 мың теңгені немесе жоспардың 99,9% құрады, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру және түзетудің 12 кабинеттерін ұстау қамтамасыз етілді.           2650 балаға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңсе беру көмегі көрсетілді, 867 бала психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде оңалтудан өтті. 

 

5 «Денсаулық сақтау» функционалдық топ.

 

Денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалары бойынша есепті кезеңдегі 3 261 561,2 мың теңге жоспарға қарағанда атқарылуы                3 261 437,4 мың теңге немесе 100 % құрады.

Денсаулық сақтау бағдарламалары: 3 коммуналдық мемлекеттік мекемені, және мемтапсырысты 1 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында, 2 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында.

Осы функционалдық топтың шеңберiнде келесi іс-шаралар жүзеге асырылды:

- мемлекет қамқорлығындағы ақыл-ой және дене дамуындағы кемістіктері бар жетiм және мүгедек балалар – 29 бала;

- тегiн немесе жеңiлдiк жол ақысымен қамтамасыз етілді – 366 адам;

- ұсынылған ақпараттық-талдау қызметтерінің саны – 3214 бірлік;

- вакцина егілген тұлғалардың саны – 15329 адам;

- оқушыларды қабылдау 475 бірлік, колледждерде стипендиаттардың орта жылдық контингенті 836 бірлік, колледждерде оқушылардың орта жылдық контингенті 986 бірлік.

        Есепті кезеңде 2 123 613,0 мың теңге жалпы сомасында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, кассалық орындалуы 2 123 585,9 мың теңге немесе 100 % құрайды.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың есебінен қамтамасыз етілді, келесі іс-шаралар өткізіліп жатыр:

- халықтың арасында АҚТҚ /ЖҚТБ алдын алу бойынша іс-шаралар – 5096 бір.;

- індет жұқтыру тәуекелі өсуімен қауқарсыз тобы арасында АҚТҚ /ЖҚТБ алдын алу бойынша іс-шаралар – 13160 бір.;

- республикалық бюджет қаражаттарынан вакцина егілген тұлғалардың саны – 91000 адам.

 

  1. «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік

қамтамасыз ету» функционалдық топ

 

         Есепті кезеңге төлемдер бойынша 7 374 247,1 мың теңге жоспарлау кезіңде кассалық орындалуы  7 373 108,6 мың теңге немесе 100 % құрайды.

     Есепті кезеңде 2 136 986,0 мың теңге жалпы сомасында республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, кассалық орындалуы 2 136 496,5  мың теңге немесе 100 % құрайды.

Осы функционалдық топ шеңберiнде:

         - қамқорлыққа алынған 617 адам санымен 4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын (жалпы үлгідегі);

         - қамқорлыққа алынған 1186 адам санымен 6 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын (18 жастан асқан адамдарға арналған психоневрологиялық);

         - қамқорлыққа алынған 149 адам санымен 1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын (балалар психоневрологиялық);

         - оңалту курсынан өткен 624 мүгедек санымен 2 оңалту орталығын ұстау қамтамасыз етілді;

         - облыс бойынша 1920 қартқа, 81 мүгедекке, 115 мүгедек балаға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауратын 64 мүгедекке қызмет көрсеткен 18 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі 2 аумақтық орталық, онда 659 қартқа, 79 мүгедекке, 101 мүгедек балаға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 86 мүгедекке қызмет көрсеткен үйде әлеуметтік көмек көрсететін 8 бөлімше жұмыс істейді;

- 753 адам бейімдеуден өткен белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған  3 бейімдеу орталығы;

- 53 әйел және 84 бала бейімдеуден өткен Әйелдер мен балаларға арналған 2 бейімдеу орталығы жұмыс істейді;

- ҮЕҰ республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен үй жағдайында қызмет көрсету, стационарлық, жартылай стационарлық жағдайда 509 қарт пен 1 және 2 топ мүгедектеріне, жергілікті бюджет есебінен психоневрологиялық аурулары бар 43 мүгедек балаға, психоневрологиялық аурулары бар 61 мүгедек балаға, 361 қарт азаматқа,    36 тұрмыстық зорлық-зомбылық  құрбанына,  адам саудасының                           8 құрбанына қызмет көрсетілді;

- 140 мүгедек баланы және 24 мүгедекті қамтумен психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған 5 күндізгі болу бөлімше;

-  қоғамдық жұмыстарға 2979 жұмыссыз адам қатысып, әлеуметтік жұмыс орындарына 620 адам жолданды, жастар практикасына 287 адам жолданды;

- 499 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберілді;

         - қоныс аударуға 82 отбасыға (309 адам) субсидия берілді;

         - тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) 156 отбасыға (525 адам) субсидия берілді;

- 200 АЕК дейінгі мөлшерде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар берілді – 313 адам; 

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 35 адам жұмысқа орналастырылды;

- «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 31 адам жұмысқа орналастырылды;

- 1069  мүгедекке міндетті гигиеналық құралдар берілді;

- 277 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді; 

- 369  мүгедекке әлеуметтік такси қызметі көрсетілді;

- 609 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі;

- 2516 отбасыға тұрғын үй жәрдемақысы төленді;

         - жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмек 14975 мұқтаж азаматқа көрсетілді;

          - 506 мүгедек балаға материалдық көмек көрсетілді;

         - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған 16950 адамға төленді, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы 4172 адам алды;

- амбулаториялық емдеудегі туберкулезбен ауыратын 434 науқас адамға әлеуметтік көмек көрсетілді;

- АИТВ-инфекциясы бар 17 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді;

- ТЖ кезінде зардап шеккен 159 адамға материалдық көмек төлеуге көмек көрсетілді;

         - қандас мәртебесі этникалық қазақтардың 44 отбасына (85 адам) берілді.   

 

  1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы

 

2021 жылғы 2 тоқсанға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шығындар төлемдер бойынша 10 869 294,5 мың теңге жоспарлау кезіңде, 10 868 449,9 мың теңге сомасына немесе есепті кезеңінде жоспардың 99,99%-ға игерілді.

Функционалдық топ бойынша жоспарлы тағайындаулармен қамтамасыз ету 6 көз есебінен қарастырылған, оның ішінде:

- ҚР Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферт есебінен – 5 378 896,9 мың теңге жоспарлау кезіңде, игерілуі 5 378 895,4 мың теңге немесе 100% құрады;

- республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен – 113 653,0 мың теңге жоспарлау кезіңде, игерілуі 113 653,0 мың теңгені немесе 100% құрады;

- ішкі қарыздар есебінен кредиттер – 1 146 857,1 мың теңгені жоспарлау кезіңде  игерілуі  1 146 857,1 мың теңге немесе 100 %  құрады;

- жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен – 2 703 448,3 мың теңге жоспарлау кезіңде  игерілуі 2 702 936,3 мың теңге  немесе 99,98 % құрады;

- облыстық бюджеттен трансферттер есебінен – 1 469 161,3 мың теңгені жоспарлау кезіңде игерілуі  1 468 832,5 мың теңгені немесе  99,97 % құрады;

- аудандық бюджеттен трансферттер есебінен – 57 277,9 мың теңгені жоспарлау кезіңде игерілуі  57 275,6  мың теңгені немесе 99,99 % құрады.

Оның ішінде тұрғын үй шаруашылығына 5 081 599,5 мың теңге, коммуналдық шаруашылыққа – 4 341 886,4 мың теңге, елді мекендерді абаттандыруға  - 1 444 964,0 мың теңге шығыстар жүзеге асырылды.

 

  1. «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық топ

 

2021 жылғы бірінші жарты жылдықта жоспарлау кезіңде                  7 052 652,3 мың теңгені жоспарлау кезіңде атқарылуы 7 051 220,4 мың теңгені немесе жоспардың 100% құрады, соның ішінде:

- мәдени-демалыс жұмысын қолдауымен, театр және музыкалық өнерін және кітапханалық жүйесін қолдауымен байланысты мәдениет бағдарламалары бойынша атқарылуы 1 861 154,4 мың теңгені немесе жоспардың 100% құрады; 

- облыстық спорт жарыстарын және спартакиадаларды өткізу, республикалық және халықаралық маңызы бар жарыстарға қатысу үшін спорт іс-шараларын өткізуіне байланысты спорт бағдарламалары бойынша атқарылуы 2 536 979,8 мың теңгені немесе жоспардың 100% құрады;

- мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізуге, кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқының мемлекеттiк тiлiн және басқа тiлдерiн дамытуына, мұрағаттық қордың сақталуын қамтамасыз етуге атқарылуы   1 693 305,2 мың теңге немесе  жоспардың 100%-ы құрады;

- жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыруға 112 739,5 мың теңге немесе жоспардың 100%-ы.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік бағдарламалары             10 мұражайды, 24 кітапхананы, 21 мәдени-демалыс ұйымын, 4 театрды,          облыстық филармонияны, 20 аудандық филиалдарымен мемлекеттік мұрағатты, олимпиадалық резервін даярлау орталығын, жоғары спорт шеберлiгі мектебін, мүгедектерге арналған спорт клубы, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 30 объектіні, 17 тілдерді дамыту орталығын, діни проблемаларды зерттеу орталығын, 20 жастар бастамаларының орталығын ұстауды қамтамасыз етеді.

 

  1. «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобы.

 

 2021 жылғы 2 тоқсанға арналған  функционалдық топ бойынша                               3 355 757,1 мың теңге қарастырылды, игерілуі 3 355 756,3 мың теңге құрады, ол есепті кезеңінде жоспардың игерілуі 100,0 % құрайды. Функционалдық топ бойынша жоспарлы тағайындаулармен қамтамасыз ету 4 дерек көзі есебінен қарастырылды, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер – есепті кезеңінде                  60 000,0 мың теңге жоспарлау кезіңде игерілуі 60 000,0 мың теңге  немесе  100,0 % құрады; 

- ҚР Ұлттық қорынан бөлінген нысаналы трансферт есебінен – 2 962 220,0 мың теңге жоспарлау кезіңде, игерілуі 2 962 219,7 мың теңге немесе 100% құрады;

- облыстық бюджеттен трансферттер есебінен – есепті кезеңінде              114 426,4 мың теңге жоспарлау кезіңде игерілуі  114 426,2   мың теңге немесе  100,0 % құрады;

- жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен – есепті кезеңінде           219 110,7 мың теңге жоспарлау кезіңде игерілуі  219 110,3  мың теңге немесе   100,0  % құрады.

Қаражаттар шығындардың келесі түрлеріне жіберілген:

Жылыту энергетика жүйесін дамыту

«Қостанай қаласында «Батыс» 220/110/10 кВ қосалқы станциясын салу» жобасының сараптамасы алынды.

Қарабалық ауданында 3 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді және әлеуметтік объектілер үшін газ жанар-майында АИТ орнатуға сараптама алынды;

Арқалық қаласында Арқалық қ. жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда, Арқалық ЖЭО түтін мұржасын қаййта құру бойынша жұмыс басталды;

- Қарасу ауданында Челгаши ауылында 0,4 кВ электр желілерін қайта құру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары бастылды. 

Газ көлік  жүйесін дамыту

Черниговка ауылына қосуымен Әулиекөл ауылының АГРС-тан Құсмұрын к. дейін  өткізгіш газ құбырын салу бойынша және Адаевка және Бестөбе ауылдарын қосуымен Қамысты ауданының Қамысты – Алтынсарино жоғары қысымды газ құбырын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

- Федоров ауданында Копыченко ауылында газ тарату желілерін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары бастылды.

Осымен бірге:

- Арқалық қаласында жылыту маусымына үздіксіз өткізу үшін жанар-майды сатып алуға энергия өндіретін ұйымдардың шығындарын субсидиялау жүргізілді;

- елді мекендерді шаруашылық ауыз-сумен жабдықтау үшін жер астындағы суларға іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге шығындар жүзеге асырылды.

 

  1. «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы.

 

2021 жылғы 2 тоқсанда осы функционалдық топ бойынша          18 269 854,2 мың теңге қарастырылды, орындалуы 18 269 421,3 мың теңге немесе 99,99% құрады. 

Ауыл шаруашылық саласында шығындар 16 747 229,3 мың теңге жоспарлау кезіңде 16 747 218,1 мың теңгені немесе 100 % құрады.

Су,  орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары саласында шығындар 934 371,0 мың теңгені құрады.  Ормандарды және ағаш егу шаруашылығын күзету, қорғау, жаңғырту, сондай-ақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша 12 мемлекеттік мекемені және облысьың аудандар мен қалалардың жер қатынастары мекемелерін ұстаумен жануарлар дүниесін қорғау қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қоршау және жер қатынастары саласында басқа да қызметтер бойынша шығындар 587 832,2 мың теңгені құрады. 

 

  1. «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобы.

 

Функционалдық топ бойынша 2021 жылғы 2 тоқсанға арналған  389 394,3  мың теңге қарастырылды, игерілуі 389 093,8 мың теңге құрады, ол есепті кезеңіне жоспардың игерілуі 99,9% құрайды. Функционалдық топ бойынша жоспарлы тағайындаулармен қамтамасыз ету бір көзі есебінен қарастырылды, оның ішінде: 

- жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен – есепті кезеңіне                    388 469,1 мың теңге жоспарлау кезде, игерілуі  388 168,6 мың теңге  немесе  99,9 % құрады.

Шығындар құрылыс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, ауданның аумағын қала құрылысын дамыту схемасын және елді мекендердің басты жоспарларын әзірлеуге бағытталды. 

 

  1. «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобы.

 

2021 жылғы 2 тоқсанға арналған  функционалдық топ бойынша                           9 152 606,8 мың теңге қарастырылды, игерілуі  9 152 281,3 мың теңге құрады, ол есепті кезеңдегі жоспардың игерілуі 99,99 % құрайды. Функционалдық топ бойынша жоспарлы тағайындаулармен қамтамасыз ету 4 көзі есебінен қарастырылды, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен – есепті кезеңінде 568 310,1 мың теңгені жоспарлау кезіңде, игерілуі  568 310,1 мың теңгені немесе 100,0% құрады;

- облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен – есепті кезеңінде  210 978,1 мың теңге жоспарлау кезіңде, игерілуі 210 978,1  мың теңгені немесе 100,0 % құрады;

- жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен – есепті күніне 8 347 378,6 мың теңге жоспарлау кезіңде, игерілуі  8 347 055,1 мың теңгені немесе 99,99% құрады.

- аудандық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен – 25 940,0 мың теңге жоспарлау кезіңде, игерілуі 25 938,0 мың теңген немесе 99,99 % құрады.

Көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтерге 44 087,8 мың теңге сомасына шығыстар жүзеге асырылды. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 5 062 922,0  мың теңге жұмсалды.

Көлік инфрақұрылымының басымды жобаларын іске асыруға  2 276 838,9  мың теңге сомасына шығындар жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, есепті кезеңінде 203 913,8 мың теңге сомасына әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдауды субсидиялауға (мысалы: «Қостанай – Жітіқара», «Тобыл – Қарталы», «Қарасу-Қостанай», «Восток-Қарасу-Қостанай») және ауыл ішілік (қала ішілік), қала сыртына және аудан ішілік қоғамдық жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға 122 497,5 мың теңге сомасына шығыстар жүзеге асырылды.

Көлік инфрақұрылымын дамытуға шығыстар 1 256 515,7 мың теңгені құрады, жұмыстың мына түрлері бойынша:

«Тарановское-Варваринка-облыс шекарасы» 20-40 км» облыстық маңызы бар а/ж учаскесін қайта құру» жобасы бойынша сараптама алынды.

Қостанай қаласында - «Қостанай қ. кіре беріс»  облыстық маңызы бар автомобиль жолында көпірді салу бойынша жұмыс  жалғасуда

Жангелдин ауданында Аққөл – Қарасу ауылдары арасында Ұлыжыланшық өзені арқылы көпірді салу жүргізіліп жатыр, «Көкалат-Қолқамыс 0-21 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстары» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды.

 Автомобиль жолдарын күрделі және орта жөндеуге 185 505,7 мың теңге көлемінде қаражат жіберілді.

 

  1. «Басқалар» функционалдық тобы.

 

2021 жылға арналған 9 762 836,9 мың теңге жоспарлау кезіңде, функционалдық топ бойынша кассалық шығыстар 9 762 822,1 мың теңге немесе 99,99 % құрады.

 2021 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» шеңберінде (шағын және орта бизнестің кредиттерді ішінара кепілдеуге, пайыздық ставканы субсидиялауға, индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға) 4 727 403,2 мың теңге жалпы сомасына шығыстар жүзеге асырылды.

«Ауыл-Ел бесігі» жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерінде      әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға 438 473,1 мың теңге жіберілді.

Моноқалаларды ағымдағы абаттандыруға 1 833,0 мың теңге сомасында қаражат жіберілді.

Білім, денсаулық сақтау, құрылыс, ТКШ, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің жобалары бойынша  мемлекеттік міндеттемелерді орындауға шығындар 278 148,7 мың теңге құрады.

Облыстық орталықтарда және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуды жәрдемдесуге ауыл шаруашылықты қаржылық қолдау қорына                 416 112,0 сомасында кредит берілді.

Кәсіпкерлікті және индустриалдық-инновациялық қызметтін дамыту саласында мемлекеттік органдарды ұстауға және материалдық-техникалық жарықтандыруға 138 610,6 мың теңге жалпы сомасына шығындар жүргізілді. 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталы 3 762 102,5 мың теңге сомасына артты. 

  1. «Қарызға қызмет көрсету» функционалдық тобы.

 

Есепті кезеңінде 918 793,0 мың теңге сомасында жоспарлау кезіңде, кассалық шығындары 918 791,3 мың теңгені немесе 99,99% құрады.

2020 жылы шығарылған жергілікті атқарушы органның бағалы қағаздары бойынша 918 154,6 мың теңге сомасына сыйақыны төлеу жүзеге асырылды.

 Моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, өнімділік жұмыспен қамту бойынша, ауылда мамандарды қолдауға шарттардың талаптарына сәйкес ТКШ саласында кредиттік шарттар бойынша 636,7 мың теңге сомасына сыйақы төленді.

 

  1. «Трансферттер» функционалдық топ.

 

Есепті кезеңінде орындау 4 839 466,1 мың теңгені немесе жоспарға 100% құрады ағымдағы кезеңі жоспары.

Осы функционалдық топ бойынша мыналар жүзеге асырылады:

- республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттердің сомасын 58 952,1 мың теңге сомасында немесе жоспарға 100% қайтару ағымдағы кезеңі жоспары;

- нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаѓан нысаналы трансферттерді қайтару сомасын 15 000,0 мың теңге сомасында немесе жоспарға 100% қайтару ағымдағы кезеңі жоспары;

- заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер – 4 765 514,0 тыс. тенге немесе жоспарға 100% қайтару ағымдағы кезеңі жоспары.

  1. «Қарыздарды өтеу» функционалдық тобы.

 

Есепті кезеңінде 519 402,4 мың теңге сомасында жоспарлау кезіңде кассалық шығындар 519 402,4 мың теңге немесе 100% құрады.

Жоғары тұрған бюджет алдында жергілікті атқарушы органның негізгі қарызын өтеу 519 402,4 мың теңге сомасына жүргізілді.

 

Қарыз алу және борыштық міндеттемелер.

 

ҚР Үкіметінің «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» қаулысына сәйкес 2021 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органның кредиттері мыналарға қарастырылды:

 - облыстық орталықтарда, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларда және моноқалаларда 416 112,0 мың теңге сомасына кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, кезеңнің жоспары - 416 112,0 мың теңге, орындалуы – 100%;

- Өнімділік жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге -             1 000 000,0 мың теңге, кезеңнің жоспары – 1 000 000,0 мың теңге, орындалуы - 100%;

- мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 1 233 891,0 мың теңге сомасына, кезеңнің жоспары – 385 525,0 мың теңге, орындалуы 100%;

Облыстың мәслихаттың 2021 жылғы 28 мамырдағы №52 шешіміне сәйкес жергілікті атқарушы органның 2021 жылға арналған мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару үшін 11 953 657,8 мың теңге қарастырылды.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысының шарттық міндеттердің көлемі 76 637 111,1 мың теңгені қрайды.

     «Жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылға арналған борыш лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 73  бұйрығымен (2021 жылғы                       26 сәуірдегі №46 өзгерістермен) борыш лимиті  93 745 811,5  мың теңге көлемінде бекітілді.

 

2021 жылғы 1 шілдеге жағдайы бойынша республикалық бюджеттен Қостанай облысына бөлінген нысаналы трансферттер мен  кредиттер.

117 556,7 млн.теңге сомасында жылдық жоспар кезінде республикалық бюджеттен 41 724,8 млн.теңге сомасына қаражат аударылды. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен  кредиттер 100-ғе игерілді, игерілмеу сомасы 17,7 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша игермеудің негізгі себептері орындалған жұмыстардың актілерін уақытында ұсынбауы және  еңбек ақысының қоры бойынша үнемдеу болып табылды. 

 

 

Қаржы басқармасының                                             

басшының м. а.                                                                Н. Моргуль

 

 

 

Қостанай облысы бюджетінің атқарылуы туралы 2021 жылғы 1 шілдеге есепке түсіндірме жазба
Дата публикации
01 июля 2021