1) жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептілік саласында деңгейаралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
2) жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады;
3) жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодынан жоғары тұрған бюджет резервінен алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады;
4) Жергілікті атқарушы органның нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған бюджеттік несие бойынша берешек сомаларын және/немесе бюджеттік несие сомаларын өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына және облыстың Тексеру комиссиясына есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасайды және ұсынады;
6) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
7) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
8) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті, облыстық бюджет бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдердің түсуі мен жұмсалуы туралы есепті жасайды;
9) облыстық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есеп жасайды;
10) облыс әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы Қостанай облысы әкімдігі қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындайды;
11) мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
12) мемлекеттік мекемелер ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының бюджеттік заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
13) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің бюджет қаражаты бойынша, ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру және шетел валютасындағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есептерін қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады;
14) облыстық бюджетті нақтылау (түзету) жөнінде ұсыныстар енгізеді;
15) бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді;
16) бюджет қаражатын басқару жөніндегі жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді;
17) республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен бюджеттік несиелерді ұсынады, оларға қызмет көрсетеді, олардың есебін, мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз етеді;
18) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
19) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;
20) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессия шарттарын келіседі;
21) өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
22) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, жергілікті атқарушы органдардың мониторингін жүзеге асырады;
23) мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен концессияның жергілікті жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;
24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тіркейді және есепке алуды жүргізеді;
25)бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп жасайды;
26) мемлекеттік органның есепке алу мен есептілікті жүргізуінің дұрыстығы мен дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады;