Профилактикалық жүмыс

Бірінші жартыжылдыққа арналған Жобалар картасын іске асыру және әртүрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмысты жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау аясында 12 мамыр күні Люблин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Светлана Айдаркановна Савицкая Люблин жалпы орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді. Бірінші тақырып нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында өтті. Екінші тақырып мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы болды. Үшінші тақырып қауіпсіздік шаралары бойынша ұсыныстар беріліп, онлайн-алаяқтықтың алдын алу болды.Кездесуге қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушыларға 40 жадынама таратылды.