ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі. 63 бап.
Көру саны:4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі.
Осы кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әрекететеді.
63-бап. Жолданымға қойылатын жалпы талаптар
- Ауызшанысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.
- Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесініңаты (егер ол жеке бастыкуәландыратынқұжаттакөрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендірунөмірі (ол болған кезде);
2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
3) жолданымның мәні;
4) жолданымның берілген күні;
5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
23 желтоқсан 2021
23 желтоқсан 2021