Есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу тәртібі
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің және өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы анықталған кезде мұндай сомалар басқа БСК-ға есепке жатқызуға не есеп айырысу шотына қайтаруға жатады.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы есепке жатқызу жүргізілген күнгі салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың түрі бойынша бюджетке төленген және есептелген, есепке жазылған сомалар арасындағы оң айырма болып табылады.
Салық төлеуші (салық агенті) талап қою мерзімі кезеңінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы. Салық мониторингіне жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын, олар үшін бес жылды құрайтын салық төлеушілердің санаттарын қоспағанда, талап қою мерзімі үш жылды құрайды.
Артық (қате) төленген соманы есептеу үшін күнтізбелік жыл қолданылады.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды салық органы бес жұмыс күні ішінде жүргізеді .
Мемлекеттік бажды қайтару үшін талап қою мерзімі ол төленген күннен бастап үш жылды құрайды.
Уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін төлемдер бойынша артық төленген сомаларды қайтаруды жүргізу.
Мемлекеттік кірістер органдарында дербес шоттар жүргізілмейтін және басқа уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін бюджеттен төленетін төлемдер бойынша тиісті уәкілетті орган берген, олардың іс-әрекеттерді жасамағанын растайтын қосымша құжаттарды ұсынбай қайтару мүмкіндігі көзделеді.
Қайтаруды электрондық базаның деректері негізінде жүзеге асыру көзделген ("электрондық үкіметтің"төлем шлюзі базасында).
Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Қарасу ауданы бойынша МКБ басшысы М. Бейсенов
14 мамыр 2021
14 мамыр 2021