2020 жылы БЖЗҚ салымшыларына 193 миллиард теңгеден аса қаржы төленді
Жарияланған күні: 26 қаңтар 2021
Жаңарту күні: 26 қаңтар 2021
Көру саны:2
2021 жылдың 1 қаңтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 364 799 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 193,4 миллиард теңгеге 2,4 миллионнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 67,7 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 46,3 млрд теңге;
- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 36,8 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер – 36,5 млрд теңге;
- жерлеуге берілетін төлемдер – 4,4 млрд теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер – 1,7 млрд теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 978 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы төлем 506 980 теңге болды.
Жарияланған күні
26 қаңтар 2021
Жаңарту күні
26 қаңтар 2021
Жарияланымның авторы
Түрі