Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қарасу ауданының Новопавлов ауылының әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтерді хабарлайды:

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы әкімге мына кандидаттарды тіркеді:

  1. Дәуітов Айдар Бағытжанұлы, 1984 жылы туған, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық және аумақтық қорғаныс ТЖ жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
  2. Қанапин Дулат Ырымұлы, 1979 жылы туған, Қарасу ауданы Қарасу ауылында тұратын «Қарасу ауданы әкімі аппараты» ММ заңдық бөлімінің басшысы, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
  3. Қаппасов Азамат Сәбитұлы, 1978 жылы туған, Қарасу ауданы Новопавловка ауылында тұратын «Новопавловка ауылы әкімінің аппараты» ММ Новопавлов ауылының әкімі, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

 

 

Қарасу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Жарияланған күні

07 сәуір 2025 09:32

Жаңарту күні

07 сәуір 2025

Түрі