Аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Қарасу ауданы әкімінің аппараты басшысының

2021 жылғы _____________

бұйрығымен бекітілген

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Заң бөлімі (бұдан әрі-бөлім) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім өз қызметін аудан әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, ауданның атқарушы және өкілді органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

  1. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, басқа да нормативтік актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудан әкімі бекітеді.
  3. Бөлім мыналардан тұрады:

1) бөлім басшысы;

2) бас инспектор;

 

 

  1. Негізгі міндеттері

 

  1. Аудан әкімі және әкімдігінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
  2. Заңнаманы қолдану практикасын қорыту;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
  4. Аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу.

 

 

 

  1. Функциялары

 

  1. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда әкімнің, әкімдіктің, әкім аппараты қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен әкімнің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін білдіру;
  2. Қазақстан Республикасы үкіметімен белгіленген тәртіпте аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
  3. Аудан әкімдігінің бөлімдерімен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;
  4. Нормативтік құқықтық актілерді заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған ауданның әділет органдарына тіркеуге және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жолдасын.
  5. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу және құқықтық мәселелер бойынша құжаттарды дайындау;
  6. Аудан әкімі мен әкімдігінің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау;
  7. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;
  8. Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды заңды ресімдеу.
  9. Бөлім қызметкерлеріне, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне заң көмегін көрсету.
  10. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және отырыстарына құжаттар дайындау.
  11. Аудан әкімі аппаратында құқықтық білім мектебінің, құқықтық мәселелер жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
  12. Құқық қорғау бағытындағы өңірлік бағдарламалардың және «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру.
  13. Аппаратта қолданыстағы нормативтік және нұсқаулық актілермен жүктелген басқа да функцияларды орындау.

 

  1. Құқықтары

 

  1. Аудандық және аумақтық атқарушы билік органдарынан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінен өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;
  2. Жергілікті атқарушы органдар басшыларының келісімімен әкім мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарды әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шараларды және жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін қызметкерлерді тартуға құқылы.
  3. Аудандық бөлімдер мен ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарындағы құқықтық жұмыстардың жағдайын тексеру.
  4. Аудан әкімі аппаратының басшысына бөлімнің және аудан әкімі аппаратының қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізуге.
  5. Аудан әкімі аппараты басшысының келісімі бойынша облыс, аудан әкімі, оның орынбасарлары өткізетін кеңестердің жұмысына қатысу.

 

 

  1. Жауапкершілігі

 

  1. Осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапалы және уақтылы орындалуына бөлім бастығы толық жауап береді.
  2. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік деңгейі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

 

 

Қарасу ауданы әкімі аппаратының

заң бөлімінің басшысы                                                     Д. Қанапин

 

 

Жарияланған күні

21 желтоқсан 2023 17:46

Жаңарту күні

21 желтоқсан 2023

Түрі
Жарияланды