Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы нысанында жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.
Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы Әкімшілік істер бойынша-30 АЕК;
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК;
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.
Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды.
Көтермелеу адам ұсынған ақпарат шындыққа сәйкес келген жағдайда не егер адам көрсеткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге және кінәлі адамға қатысты әсер еткен жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы біле тұра жалған ақпарат хабарлаған адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылуға тиіс.
5