Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» - жаппай сенбіліктер, қоқыстарды жинау, аумақтарды көгалдандыру және халықты ағарту арқылы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған Қазақстандағы республикалық экологиялық акция. 

Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

Тазалық пен тәртіпті сақтау, тарихи-мәдени мұраны қорғау, табиғатты аялау ұлттық мінездің ажырамас сипаты болуға тиіс.

Бұл қағидат іс жүзінде қалалар мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру және тазарту, экологиялық ортаны жақсарту, вандализм мен мәдениетсіздікке қарсы күрес ісінде мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіретін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында іске асырылады.

«Таза Қазақстан» – азаматтардың жауапкершілігін арттыра түсетін және қоғамда жаңа этика қалыптастыратын қағидат.