«Қарабалық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы жылдық есебі.

«Қарабалық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі туралы жылдық есебі.

 

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Қарабалық кенті әкімнің аппараты» ММ,  Қарабалық кенті,  Космонавтар көшесі, 16  тел: 8-714-41-3-31-51.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес Қарабалық кенті әкімінің аппаратымен 3 мемлекеттік қызмет  көрсетіледі;

  1. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру-10 мем.қызмет, бас тарту болған жоқ.
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу-56 мем.қызмет, 31- дәлелді бас тарту.
  3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-21 мем.қызмет, бас тарту болған жоқ.

«Қарабалық кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін барлық қызметтердің қағидалары мен стандарттары бекітілген

«Электроднық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны-3;

Тегін және (немесе) ақылы негізінде көрсетелетін мемлекеттік қызметтердін саны- 3- тегін;

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 3 – электрондық..

         Мемлекеттік органның өзінде 2023 жылы  12 қызмет көрсетілген, 2022 жылы 7 қызмет көрсетілген. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-10, 2022 жылы – 5 қызмет. «Электрондық үкімет» порталы арқылы -62 қызмет көрсетілді

        3) сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2023 жылы ең көп сұранысқа ие 1 мемлекеттік қызмет болды:

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 53 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 61%;

  1. Қызмет көрсетушілермен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қарабалық кенті әкімі аппаратында ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтер туралы  нормативтік-құқықтық актілермен және ақпараттық - анықтама  материалдары ресімделген.

        Қарабалық ауданында әркім клиент өздігінен электрондық қызмет алалатын немесе қызметкер – консультанттын көмегімен «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету бұрышы  бар «Азаматтарға  арналған үкімет» НК КАК Қостанай облысы  бойынша  филиалы ХҚҚО Департаментінің Қарабалық аудандық  бөлімі қызмет атқарады.

          2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

Қарабалық ауданы әкімі аппараты тарапынан үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық, ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: әкімдік ғимараттың ақпараттық стендінде жауапты лауазымдық тұлғаның ТӘЖ көрсетілген, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін "электрондық үкімет" порталына қосылған компьютер орналастырылған, азаматтарды оқытуды және мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетуді Қарабалық кенті әкімі аппаратының қызмет көрсетуге жауапты маманы жүзеге асырады..

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.  

2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінде нормативтік жетілдіру болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдар түскен жоқ;

 2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері: барлығы 84 қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 10, «Электрондық үкімет» порталы арқылы-62, жергілікті атқарушы орган арқылы-12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау шаралары жүргізілген жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер жүргізілген жоқ.

        5) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай тиімділігінің және қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттануын арттырудың болашағы.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында кент әкімі аппаратымен мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы кент әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды болдырмау;

- тұрғындарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы стенд, БАҚ және ресми интернет-ресурстары арқылы уақытылы хабарландыру;

- көрсетілетін қызметті алушыларды Мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы кеңінен насихаттау және ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

-  мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы қызмет алушыларының шағымдары туралы ақпарат

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағым мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау датасы 

Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

 

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2024