«Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес,  Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесіне, Қарабалық ауданында «Бөрлі және Смирновка ауылдарында жеткізуші газ құбыры мен газ тарату желілерін салу», объектісі бойынша жеткізуші газ құбырын салу және пайдалану үшін жария сервитут белгіленсін, жалпы ауданы 16,8 гектар.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                               Р. Халықов

Жарияланған күні

19 маусым 2025 17:17

Жаңарту күні

19 маусым 2025

Түрі