Қарабалық ауданы әкімдігінің «2021 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабына сәйкес.
Көрсетілген қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарын құруболып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды туындатпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5255009 жарияланған.