Қарабалық ауданының Победа ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданының

аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Қарабалық ауданының Победа ауылы әкімінің сайлауы

бойынша сайлау округін құру туралы

 

Қарабалық кенті                                  № 13/26                                           2024 жылғы 15 мамыр

 

 

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының              4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қарабалық ауданының аумақтық сайлау                        комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Победа ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Победа ауылы шекарасында Победа ауылының сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қарабалық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Айна» газетінде жариялансын.

 

 

Төрайым                                                        Г. Баймухаметова                 

 

Хатшы                                                           Ж. Мукашева

Жарияланған күні

15 мамыр 2024 09:36

Жаңарту күні

15 мамыр 2024