Есенкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Есенкөл ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4-тармағының негізінде Лесное ауылының әкімі ШЕШТІ:
- Есенкөл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 «Есенкөл ауылдық округі елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы»(2009 жылғы 20 ақпандағы № 3 «Айна» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-96 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан РеспубликасыЗаңының 35-бабы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы25-бабының 5-тармағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан РеспубликасыЗаңының 14-бабы 4-тармағының негізінде», Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 1 бірлескен қаулысы мен Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 357 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8243 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 22 қаңтарда жарияланды) шешіміне сәйкес Лесное ауылының әкімі ШЕШТІ:»;
Есенкөл ауылдық округі шешімінің тақырыбында Лесное ауылына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Лесное ауылының құрамдас бөліктерінің атаулары қосымшаға сәйкес берілсін»;
- «Қарабалық ауданы Лесное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4
06 тамыз 2020 00:00
09 қаңтар 2026