2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қостанай облысы Қарабалық ауданының Белоглин ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Аудандық сайлау комиссиясының  

2023 жылғы 1 қарашадағы

№ 22 қаулысына қосымша

 

 

 

2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған Қостанай облысы Қарабалық ауданының Белоглин ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Қарабалық ауданының Белоглин ауылдық округі әкімін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 1 қарашада

(113-1-б. 2, 3-т.)

 

2. Сайлау округінің  тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2023 жылғы 11 қарашадан кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2023 жылғы  11 қарашадан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау     

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2023 жылғы 16 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2023 жылғы 16 қарашадан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы 1 қарашадан басталып, 2023 жылғы           14 қарашаның 18.00 сағатта аяқталады).

 (113-3-б. 5-т,1-т.)

 

7. Әкімге кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.,4-т., 113-2-б.,13-2-б. 11-т.)

 

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімге кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Кандидаттардың құжаттарын арнайы тексеру жүргізу үшін Ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдау

                        Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

                        Тіркеуге барлық құжаттар түскен сәттен бастап

(113-5-б. 4-т.)

 

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімге кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (01.10.2023)

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

 

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2023 жылғы 2 қарашадан басталып, 2023 жылғы 19 қарашаның жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағатта аяқталады

(113-5-б.)

16. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық

сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылғы 19 қарашаның  жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағаттан кейін басталып, 2023 жылғы 9 қарашаның жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

                                                                             (27-б. 2-т.)

 

19. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023 жылғы 19 қараша

 

(24-б. 5-т.)

 

 

 

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

                        Учаскелік сайлау комиссиялары

                        Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

                        2023 жылғы 25 қарашадан бастап

                                                                               (26-б., 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 30 қарашаға дейін

                                                      (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 7 желтоқсаннан ерте емес 8 желтоқсаннан кешіктірмей

 (37-б., 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 2023 жылғы 10 желтоқсанда

                                                   (40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 13 желтоқсаннан кешіктірмей

 (113-10-б.)

30. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей

 (44-б.)

 

31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2023 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Жарияланған күні

01 қараша 2023 15:23

Жаңарту күні

01 қараша 2023

Түрі