"Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1. Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - өтініш берілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
2. Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы қоса беріле өтініш берілген сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын:
 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар) 25-тармағына сәйкес өтініш берген кезде екі жұмыс күнінде;
2) Қағидалардың 28-тармағына сәйкес өтініш берген кезде екі жұмыс сағаты ішінде тексереді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық немесе қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – фитосанитариялық сертификат немесе уәжді бас тарту.
Порталда – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен орнын көрсете отырып, электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайын екендігі туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 Тегін

7

Жұмыс кестесі

 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.;
 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;
 3) Мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
 Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкілдігіне өкілеттікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
порталда:
электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) Қағидалардың 28-тармағына сәйкес фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарымен карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуы рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарына сәйкессіздіктің анықталуы;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келуі туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау бұл межелі орынның өзгеру жағдайын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті мемлекеттік уәкілетті органынан ақпарат алынғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

Жарияланған күні

02 шілде 2020 00:00

Жаңарту күні

02 шілде 2020