ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҚАРАБАЛЫҚ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ
- Жалпы мәлімет
- Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 10900 Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 16, 110900
- Электрондық поштаның мекенжайы: otdelzankar@mail.kz
- Байланыс телефондары: 8 (71441) 32553, 32923.
- Өкілеттіктердің сипаттамасы: халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту
- Орталықтың жұмыс кестесі: Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
- Өкілеттіктер, міндеттер және функцияларды белгілейтін заңдардың, нормативтік актілердің тізілімі: «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба (Бұдан әрі – Жоба), «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.
- Құрылымы
2.1. Орталықтың қызметтік мақсаттары:
Орталық қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау ұйымдастыру болып табылады.
2.2. Орталықтың функциялары:
Орталық қызметінің мәні:
1) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
3) жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;
4) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
5) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;
6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;
7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен iс-қимылды жүзеге асырады;
8) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;
9) әлеуметтік келісімшарттар жасайды, оның орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
10) азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;
11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;
12) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;
13) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді.
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2.3.Құрылымдық бөлімше туралы ақпарат:
- орталықтың басшысы
- әкімшілік секторы
- халықты жұмыспен қамту секторы
- бухгалтерлік есеп секторы.
2.4. Бірінші басшысы туралы мәліметтер: Жанат Уразалыновна Ескиндирова, Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы
3.Халықпен жұмыс істеу:
3.1. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау.
Азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 «Орталық және жергілікті атқарушы органдарда азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау сұрақтары бойынша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8 (71441) 32923.
Азаматтардың қабылдауы жүргізілетін мекенжай: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық кенті Космонавтар көшесі, 16
Қабылдау уақыты: Азаматтарды орталық басшысымен жеке қабылдау кестеге сәйкес белгіленген күндер мен уақытта жүргізіледі.
Орталық директорымен қабылдау кестесі:
Апта сайын сейсенбі күндері сағат 9-00-ден 12.00-ге дейін
Апта сайын сәрсенбі күндері сағат 15-00-ден 18-00-ге дейін.
Қабылдауға жазылу тәртібі: жазылу жұмыс күндері мына телефон арқылы жүргізіледі: 8 (7141) 32923.
- Кадрлық қамсыздандыру
Ескендирова Жанат Уразалыновна – Орталық басшысы, телефоны: 8 (71441) 32553
Фунционалдық міндеттері:
Жұмыспен қамту орталығына ұйымдастыру және методикалық басқарушылық етеді, кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді, персоналдың жұмысын басқаруды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады, Орталықтың қызметіне қатысты бұйрықтар шығарады, еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, марапаттау шараларын қабылдайды және қызметкерлерге тәртіптік жазалар қолданады, жыл сайынғы әлеуметтік демалыстарды ұсынады және шақыртып алады.
Баймуханова Макпал Амантаевна – жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, телефоны 8(7141) 32923, otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді және халық пен жұмыс берушілерге Жобаға қатысу сұрақтары бойынша, жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың сұрақтары бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді; Орталықтың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; Жұмыспен қамту орталығына жүгінген тұлғалардың есебін жүргізеді; Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар, жұмыспен қамту орталығына өтініш берген адамдардың қатарынан әр түрлі бейіндегі мамандардың дерекқорын қалыптастырады; «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»,«Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді; «Еңбек» порталында «жеке кабинеттер» құру бойынша талаптанушылармен жұмыс жүргізеді.
Бексултанова Гульшат Каиркановна - жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы,телефоны 8 (7141) 32923, otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттер: Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді және халық пен жұмыс берушілерге Жобаға қатысу сұрақтары бойынша, жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың сұрақтары бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді; «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді; Жобаға қатысушыларды, о.і. оқытуды аяқтаған немесе сәйкесті кәсіби білімі немесе сәйкес кәсіптік білімі барларды ұйымдардағы бос орындарға, жастар практикасына орналастыруда жәрдемдесу;«Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шенберінде жұмысқа орналасу; Жоба қатысушыларының өз еркімен қоныс аударуына және оларға Жоба шеңберінде көзделген мемлекеттік жәрдем беруде жәрдемдеседі.
Алиев Кайрат Булатович - жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, телефоны 8 (7141) 32923, otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттері:Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді және халық пен жұмыс берушілерге Жобаға қатысу сұрақтары бойынша, жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың сұрақтары бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді; «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді; оқуды аяқтаған немесе тиісті кәсіптік білімі бар Жобаға қатысушыларды ұйымдардағы бос орындарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жалақыны субсидиялау шарттарымен «күміс жас» жобасы шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі,Жобаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жәрдемдеседі, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жұмысты ұйымдастырады жұмыс берушілермен «Еңбек» порталында «жеке кабинеттер» құру бойынша жұмыс жүргізеді.
Баймуханова Салтанат Ержановна - жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, телефоны 8 (7141) 32923, otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттері:Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді және азаматтар мен жұмыс берушілерге Жобаға қатысу сұрақтары бойынша, жұмыспен қамту саласындағы заңнаманың сұрақтары бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді; «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді; Жобаға қатысушыларды мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, Ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырады,мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
Карчина Дина Андреевна - жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, телефоны 8 (7141) 32923, otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттері:Ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді, орталықта бухгалтерлік есепті ұйымдастырады, қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастырады, Халықты жұмыспен қамту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен берілетін қаражаттарды мақсатты және ұтымды пайдалануға бақылау жасайды; өкілетті органдарға, мемлекеттік кірістер басқармасына қаржылық және салықтық есептер, декларацияларды ұсынады; мемлекеттік сатып алулар жүргізуді жүзеге асыру; бюджетке уақытымен төлемдер жасайды.
Курочкина Елена Александровна – әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, телефоны 8 (7141) 32923, otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттері: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жүгінген өтініш берушілер үшін қағаз және электрондық макеттерді уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді, отбасының әрбір мүшесіне атаулы әлеуметтік көмектің айлық мөлшерін белгілейді; отбасыға көмектесу жеке жоспарын әзірлейді; қабылданған құжаттарды, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімнің жобасын және жақтармен қол қойылған әлеуметтік келісімшартты өкілетті органға уақтылы жібереді; атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін берілген істер бойынша сұраныстарды орындауды жүзеге асырады; халықтың арасында жүргізілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы және халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысады.
Канц Евгения Михайловна – ассистент, телефоны 8 (7141) 32923,otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттері: отбасыға көмектесу жеке жоспарын әзірлейді; әлеуметтік келісім шарттың талаптарын орындаудың мониторингін, отбасыға баруды және онда көртсетілген міндеттемелерді орындау туралы белгі жасауды жүзеге асырады; халықтың арасында жүргізілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы және халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысады.
Злобина Любовь Алексеевна – ассистент, телефоны 8(7141) 32923, otdelzankar@mail.kz
Функционалдық міндеттері: отбасына көмектің жеке жоспарын әзірлейді, әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуына мониторингті, отбасына баруды және онда көзделген міндеттемелердің орындалғаны туралы белгіні жүзеге асырады, атаулы әлеуметтік көмек және халықты жұмыспен қамту туралы заңнама мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысады.
66
26 сәуір 2023 12:19
26 сәуір 2023