Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» ММ құрылымы 1 бірлік басқарушылық лауазымнан, 4 орындаушы және 1 штаттан тыс қызметкерлерден тұрады, нақты саны - 6 бірлік.

Тәртіптік тәжірибені талдау барысында 2021 жылдың 10 айында және 2022 жылдың 2 айында мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану фактілері, инспекция қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысының фактілері жоқ.

Инспекция ветеринария саласындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Экспорт (импорт) және транзит кезінде ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), қайта өңдеу және жою процестерінің (кезеңдерінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден келетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуінен және таралуынан қорғау үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына сәйкес ветеринариялық анықтамалар мен ветеринариялық-санитариялық қорытындылар беруді жүзеге асырады, одан басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының арасында делдал болып табылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетеді, атап айтқанда:

1) «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру»

2) «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру»

3) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау фактілерінің алдын алу және оны жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ инспекция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу мақсатында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша апта сайын семинар-кеңестер, құқұқтық жалпы білім беру, Инспекция қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама білімі, соның ішінде «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы  бойынша есептеме алу жүргізіледі.

Инспекция басшысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ Инспекция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты негізде сапалы және тиімді шаралар қабылдануда.

Инспекциямен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу бойынша тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Солай, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен нысаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, биологиялық қауіпсіздік және де біздің құзыретімізге кіретін басқа сұрақтар бойынша ақпаратпен сіз vet.inspekcia.karabalyk Instagram әлеуметтік желісінде аумақтық инспекцияның парақшасында және Қарабалық ауданы әкімінің ресми сайтының құжаттар бөлімінде таныса аласыз. Жоғарыда аталған ақпараттық жүйелер жалпы қолжетімді және халықтың құқұқтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқұқ бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

 

 

Жарияланған күні

30 наурыз 2022 11:53

Жаңарту күні

01 қазан 2025

Түрі