Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комисиялары сайлаушыларды 2021 жылғы 19 қыркүйекте сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша үй-жайларында Қарабалық ауданының Михайлов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша дауыс беруге қатысуға шақырады:
Михайлов сайлау округі бойынша:
№ 443 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Михайловка а., Жеңіс алаңы, 5, мектеп ғимараты, т. 26447
№ 444 сайлау учаскесі
Орналасқан жері. Лесное а., Мектеп көш.,7, мектеп ғимараты, т. 87054464449
№ 445 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Светлое а., Окрайная көш., 1, жеке үй, т. 40921
№ 446 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Терентьевка а., Т.Машенский көш., 12, мектеп ғимараты, т. 22389
Естеріңізге сала кетейік, сайлауға барғанда өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Жеке басты куәландыратын құжаттар: жеке куәлік, уақытша жеке куәлік, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін әскери билет болып табылады.
Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Т.А. Салмина
3
02 қыркүйек 2021 17:54
02 қыркүйек 2021