«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
- Жалпы ережелер
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде газ және газбен жабдықтау және мемлекеттік қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны-Қарабалық ауданы әкімдігінің «Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бар.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31.
- Мемлекеттік органның толық атауы – «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
13.«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi
мiндеттерi, функциялары, құқықтары
мен мiндеттерi
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - адамның өмір сүруінің толыққанды ортасын қалыптастыру, Қарабалық ауданының елді мекендері мен аумақтарының инфрақұрылымдық кешенін тұрақты дамыту, көлік және коммуникация саласындағы қызметті қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын басқару және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде мемлекеттік қадағалау.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) автомобиль жолдарды күтіп ұстау мен жөндеуін ұйымдастыру және көлік, жол инфрақұрылымын дамыту;
2) автожол саласының қауіпсіздік деңгейін арттыру;
3) тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру;
4) адамдардың тіршілік етуіне қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық орта жасау;
5) ведомствоға бағынысты кәсіпорындар қызметінің қаржылық-шаруашылығын мониторингілеу;
6) меншік нысанынан тәуелсіз ауданды жылу және электр энергиясымен, сумен, отынмен тұрақты жабдықтауда қатысушылардың (жабдықтаушылар мен тұтынушылардың) барлығын жедел үйлестiру;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
8) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;
9) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары»:
1) аудан кәсiпорындарының күзгi-қысқы жағдайларда және су тасқыны кезіңде жұмысқа дайындығын бақылау және дайындық жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру;
2) аудан елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, санитарлық тазалау айлықтарын ұйымдастыру;
3) аудан инфрақұрылымы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың басым бағдарламаларын талдау, түзету және жүзеге асыруға жәрдем ету;
4) тұрғын-үй-коммуналдық қызметтер, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бәсекелестік рыногын дамыту;
5) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
6) энергияны үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, жолаушылар көлігін және автомобиль жолдарын дамыту жөніндегі іс-шараларды бақылау;
7) жобалардың мемлекеттік сараптамасының республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс-әрекеттер жасау;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
10) энергетика, тұрғын үй-коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясатты және аудан инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
11) меншік нысанына қарамастан ауданды жылумен, сумен, газбен және электр энергиямен, отынмен тұрақты жабдықтауға қатысушылардың (жеткізушілер мен тұтынушылар) өзара іс қимылын үйлестіру;
12) заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
14) Қарабалық ауданы бойынша аумақты дамыту бағдарламасына талдау және мониторинг жүргізу;
15) қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан астам судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтергіш тетіктерді, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифттерді қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау;
16) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты, оның ішінде елді мекендер шекараларының шегінде мемлекеттік бақылау:
16-1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімін сақтаумен, ағымдағы және жинақ шоттарын ашумен;
16-2) объектідегі және көп пәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтағы пәтер иелерінің ортақ мүлкін, тұрғын емес үй-жайды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
16-3) көп пәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу, энергия, газ және су ресурстарын есептеудің үйге ортақ аспаптарының болуы;
16-4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуына;
16-5) көп пәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
16-6) анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуын;
16-7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізумен;
16-8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасы;
16-9) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды орындау.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде, қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендер шекараларының шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау жүргізу жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпаратты;
2) тексеру кестесі және олардың нәтижелері туралы;
3) анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ жасалған актілер және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы шығарылған ұйғарымдар туралы;
4) елді мекен шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкіміне және әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, ауданның даму басымдықтары мен стратегиясы туралы ұсыныстар енгізу;
2) өз құзыреті шегінде мердігерлерге орындалуы міндетті нұсқаулар мен нұсқамалар беруге;
3) аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
4) аудан мекемелерінің, кәсіпорындарының, ұйымдарының, қоғамдық құрылымдарының мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша тексеру, сараптама және кеңес беру және комиссия жұмысына қатысу үшін тартуға;
5) аудан аумағында энергетикалық қызметтің барлық субъектілері орындауға міндетті болып табылатын энергетикалық саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
6) өз құзыреті шегінде бақылау мақсатында энергетика, жол, су және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне баруға;
7) ауданның қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты бойынша шешімдерді әзірлеу, талқылау үшін қалыптастырылатын консультативтік комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
8) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпарат беруге;
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көп пәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызмет көрсету бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде «жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келіп түскен» жеке және заңды тұлғаларға өтініш бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
10) «жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынуға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
- Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру «тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Қарабалық ауданы әкiмдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
5) бекітілген заңнамалық тәртіпке сәйкес «Қарабалық ауданы әкiмдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысшыларын тәртіптік жазаға тартады және босатады;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа өкілеттіктерді іске асырады.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әрбір инспекторының жеке мөртабаны бар.
- Мемлекеттік органның мүлігі
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік органның жұмыс жұмыс режимі
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін (сенбі және жексенбіден басқа), демалыс және тамақ ішуге үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін белгіленеді.
- Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату
- «Қарабалық ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
_________________________________
35
18 тамыз 2021 15:48
18 тамыз 2021