«Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қызметі туралы 2020 жылға арналған жыл сайынғы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Тоғызақ ауылы, Степная көшесі, 8, тел: 8-714-41-7-90-37.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес, Тоғызақ ауылдық округі әкімі аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет  көрсетіледі;

  1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
  2. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою.
  3. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру.
  4. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
  5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
  6. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  7. "Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

8.«Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»

"Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ көрсететін барлық қызметтерге ережелер мен стандарттар бекітілген.

        3) Талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 2020 жылы ауылдық округ әкімі аппаратымен 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  1. Есепті кезеңде «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 9;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» - 0;
  3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 2 ауылдық округ әкімі аппаратында; «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік корпорациясы арқылы 4 мемлекеттік қызмет.

Есепті кезеңде бес дәлелді бас тарту болды.

Қызмет көрсетушілермен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат дереккөздері және қол жеткізу орындары туралы ақпарат.

Тоғызақ ауылдық округі әкімі аппаратында ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтер туралы  нормативтік-құқықтық актілермен және ақпараттық - анықтама  материалдары ресімделген.

        Қарабалық ауданында әркім клиент өздігінен электрондық қызмет алалатын немесе қызметкер – консультанттын көмегімен «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету бұрышы  бар «Азаматтарға  арналған үкімет» НК КАК Қостанай облысы  бойынша  филиалы ХҚҚО Департаментінің Қарабалық аудандық  бөлімі қызмет атқарады.

          2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11 бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының жобаларын жария талқылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.):

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған өткізілген іс-шаралар: акиматта ақпараттық стендінде жауапты лауазымдық тұлғаның ТӘЖ көрсетілген көрсететін  қызметтер тізімі орналастырылған, өзіне-өзі қызмет ету бұрышы жабдықталған, азаматтар мемлекеттік қызмет алу үшін «электронды үкімет» порталына қосылған компьютер орналастырылған, Тоғызақ ауылдық округі әкімі аппаратының маманы мемлекеттік қызмет алушыларды тиісті бойынша қызмет көрсетуге оқытады және көмек көрсетеді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін жетілдіру бойынша қызмет.

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2020 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курсынан бір маман өтті.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің процестері нормативтік-құқықтық жетілдірілмеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдары туралы ақпарат.

2020 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде шағымдар түскен жоқ;

 2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Ауылдық округ әкімінің аппаратында ай сайын ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есеп қалыптастырылады, кейіннен оны Қарабалық ауданы әкімінің аппаратына ұсынады. 2020 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары өткізілген жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері;

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген тексерулер жүргізілген жоқ.

        4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингтаудың нәтижелері.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын қоғамдық мониторингі жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әрі қарай тиімділігінің және қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттануын арттырудың болашағы.

Қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр.  Осылай, 2020 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері жөнінде іс-шаралар:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды болдырмау;

- адамдарды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы стенд, БАҚ және ресми интернет-ресурстары арқылы уақытылы хабарландыру;

- қызмет алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация, «электронды үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік туралы хабарландыру және түсіндіріп тарату үшін іс-шараларды жүргізу;

-  мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметшілердің біліктілігін арттыру көзделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгілік нысанға қосымша

Нысан

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы қызмет алушыларының шағымдары туралы ақпарат

 

 

Шағым берген өтініш беруші туралы мәліметтер 

Шағым мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау датасы 

Шағымды қарау нәтижелері бойынша құжаттың

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

 

-

-

-

-

-

-

-

 

Жарияланған күні

23 сәуір 2021 00:00

Жаңарту күні

23 сәуір 2021

Түрі