Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Таза Қазақстан" ауқымды науқаны шеңберінде Telegram TazaQazBot ыңғайлы чат-боты арқылы қалалық және экологиялық мәселелер бойынша өтінімдер беру үшін жаңа сервис әзірледі.
Бұл елдің әрбір қамқор тұрғынына проблемалық аймақтарды бірден суретке түсіруге немесе галереядан суреттерді жүктеуге, орналасқан жерін көрсетуге және мәселені егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік береді.