Оңайлатылған декларацияны тапсыруға 12 күн қалды

ҚРҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде оңайлатылған салықдекларациясын тапсыруға небәрі 12 күнқалғанын ескертті.

«Бизнес субъектілеріне ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны (910.00-нысан) 2022 жылғы 15 тамызда тапсырудың соңғымерзімі аяқталатынын еске саламыз», - деді Комитетте.

Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салықтөлеушілер ұсынуы қажет.

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

«Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы(cabinet.salyk.kz);

СОӨЖ ақпараттық жүйес і(бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);

Қағаз түрінде;

Halyk Bankмобильді қосымшасының 2022 жылғы 1 тамыздан бастап оңайлатылған салық декларациясын  ұсынуға арналған жаңа сервисі.

Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.

Жалпы, 2022жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салықтөлеушілер саны - 1 187 554, оныңішінде дара кәсіпкерлер -1 047 586, заңдытұлғалар– 139 968.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Жарияланған күні

03 тамыз 2022

Жаңарту күні

03 тамыз 2022