Назар аударыңыз! Көлік салығын төлеу мерзімі

Қостанай қласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық кодексінің  нормаларына сәйкес жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі көлік құралына салық есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн болып табылатынын еске салады.

Жеке тұлғалар көлік құралы салығын тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша төлейді.

         ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар» / «Калькуляторлар» бөлімінде е-Salyk Azamat мобильді  қосымшасы «Көлік салығын есеп-қисабы» сервисі қарастырылған, онда сіз 2021 жылға арналған көлік салығының сомасын  өз  бетінше есептей аласыз.

Қазақстан Республикасы Қаржы Минитсірлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында «Электрондық сервистер» бөлімінде  «Калькулятор» арқылы , сондай-ақ e-salyk Azamat мобилдік қосымша арқылы 2021 жылғы көлік салығын есептеу  есептеу сервисі көзделген.

Салық және ағымдағы төлемдерді төлеу:

  • Мемлекеттік Кірістер Комитетінің сайтында kgd.gov.kz салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді онлайн төлеу қосымшасы арқылы,
  • «eSalyq Azamat»- салық әмияны, мобилді қосымша арқылы,
  • Екінші деңгейлі банктер қосымшалары арқылы,
  • Kaspi, Halyk Bank толтырылған деректемелер бойынша
  • Казпошта бөлімшелерінде төлеуге болады.

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Жарияланған күні

10 наурыз 2022

Жаңарту күні

10 наурыз 2022