«АУКЦИОН» Қостанай қаласының әкімдігі
Көру саны:87
Қостанай қаласының әкімдігі жер учаскесіне 6 жыл мерзімге жалдау құқығын сату жөніндегі аукцион өткізеді, саны – 3 лот.
Аукцион Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайы бойынша, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ ғимаратында өтеді.
Аукционды өткізу әдісі – ағылшын, бағаның өсу қадамы – жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы (ағымдағы) бағасынан 5%. Аукцион жеңімпазына жерге орналастыру құжаттамасын дайындау және БАҚ-та жариялау үшін Қостанай қаласы әкімдігінің ақы төлеу жөніндегі міндеті де жүктеледі.
|
лот № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер учаскесінің алаңы (гектар) |
Жер учаскесін жалдау құқығын сатып алудың бастапқы бағасы (теңге) |
Кепілдік жарнаның мөлшері (теңге) |
Жалдау ақысының сомасы (теңге) |
Аукционды өткізу күні |
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні |
|
1 |
Қайырбеков көш.,358 үй жаңындағы |
Алаңды абаттандыру үшін |
0,1037 га |
2 251 534 |
145 850 |
9428 |
06.10.21 ж. сағат 11.00 |
сағат 11.00 дейін 05.10.21 ж. |
|
2 |
Қайырбеков көш.,358 үй жаңындағы |
Алаңды абаттандыру үшін |
0,2171 га |
4 713 675 |
235 684 |
19738 |
06.10.21 ж. сағат 11.00 |
сағат 11.00 дейін 05.10.21 ж. |
|
3 |
Қайырбеков көш.,358 үй жаңындағы |
Алаңды абаттандыру үшін |
0,0581 га |
1 261 467 |
145 850 |
5282 |
06.10.21 ж. сағат 11.00 |
сағат 11.00 дейін 05.10.21 ж. |
Кепілдік жарна депозиттік шотқа енгізіледі:
ЖСК KZ070705034630502006, БСК KKMFKZ2A, БСН 050140006635, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ, алушы – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ Коды 12.
Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Жыл сайынғы жалдау ақысы жер салығының базалық ставкаларына қолданылатын түзетуді ескере отырып есептелетін жер салығының 100% мөлшерінде белгіленеді.
Жер учаскелеріне жалдау құқығын сату шарттары: Міндетті түрде нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, санитариялық, өртке қарсы, ветеринариялық, экологиялық талаптарды, қауіпсіздік қағидаларын, сауда туралы заңнаманы, заңнамада белгіленген басқа да нормалар мен қағидаларды сақтау.
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайы бойынша ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап және 2020 жылғы 21 желтоқсанға дейін сағат 10-00 дейін қабылданады.
Аукционға қатысушының билетін аукцион нөміріне айырбастау Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайы бойынша, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ аукцион басталғанға дейінгі 1 сағат ішінде жүргізілетін болады.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін ұсынылуы қажет:
1) аукционға қатысуға өтінім;
2) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылады.
Анықтама телефоны: 54-47-48