Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеуі бойынша!
Көру саны:5
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер баскармасы, жеке тұлғалардың 2020 жылға көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Жеке тұлғаларға салық төлеу тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
2020 жылға көлік салығын есептеуді сіз ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистар»/ «Калькуляторлар» бөлімінде жасай аласыз.
Салық бойынша қарыздарды қарауға және төлеуге, сондай ақ ағымдағы төлемдерді «СТ кабинеті» web-қосымшасында, мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында, ҚР egov.kz электрондық үкіметінде, eSalyq Azamat мобильді нұсқасында, екінші деңгейлі банктердің (Kaspi.kz, Homebank) қосымшаларында жүргізуге болады.
Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселі көлемінде өсім есептелетінін еске саламыз.
Сондай ақ мемлекеттік кірістер органдары заңнамада белгіленген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданады.
Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын электрондық арна арқылы алатынын атап өтеміз.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы