Жоғары патогенді құс тұмауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі

ҚР АШМ ВБ ҚК Қостанай ҚАИ жеке және заңды тұлғаларға Қостанай қаласында жоғары патогенді құс тұмауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі туралы келесіні хабарлайды:

 

Шаруашылықта (жеке шаруашылығында) құстары бар жеке тұлғалар мынадай талаптарды қатаң сақтауы қажет:

      1) үй құстарының жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;

      2) аулада құс ұстау қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшiру;

      3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы дереу тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;

      4) жабайы құстармен бiрге көлдердiң маңайынан радиусi 5 шақырым көлемiнде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.

Шаруашылықта құстары бар заңды тұлғалар мынадай:

      1) құстардың жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;

      2) радиусi 5 (бес) шақырымда құстардан бос аймақ құру;

      3) қажет болған жағдайда құстарды жабық типтi режимде ұстауға көшiру;

      4) iндеттiк аурулар бойынша қолайлылығы тиiстi ветеринариялық құжаттармен бекiтiлген шаруашылықтардан құстарды енгiзу (шығару, араластыру);

      5) шаруашылық жүргізуші субъектiлерде қолайлылықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргiзу;

      6) құстарды өсiру және ұстау технологиясын сақтау;

      7) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық санитариялық инспекторына хабарлау;

      8) құстарды әртүрлi жануарлармен, әсiресе шошқалармен бiрге ұстауға жол бермеу талаптарын қатаң сақтауы қажет.

Құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел хабарын келесі телефон нөміріне хабарлай аласыздар: 54-27-35. Қостанай қаласы, Набережная 43 көшесі, АШМ ВБ ҚК Қостанай ҚАИ.

Жарияланған күні

12 қаңтар 2021

Жаңарту күні

12 қаңтар 2021