«Қызыл қабырға» – 1918-1919 жж. қызыл гвардияшыларды, партия және кеңес жұмыскерлерін атқан орын
Көру саны:825
Ескерткіш датасы: 1919 ж., сәуір
Орналасқан жері: Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 115.
Тарихи-революциялық ескерткіш – 1919 жылғы наурыз-сәуір айларында өткен Қостанайдағы шаруа көтерілісінің қатал басылып-жаншылуы туралы тарихи оқиғаның белгісі.
10-сәуір түнінен Колчак жазалаушылары қанды жазаны бастады. Ұсталған партизандарды, бейбіт тұрғындарды көшелерде, Халық үйінің ауласында атып тастап жатты.
Қызыл қабырға – көпес ауласы орнындағы қамба көрінісі. Қабырға балшықтан жасалған кәдімгі қызыл түсті кірпіштен қаланған. Қабырғада оқтың іздері көрініп тұр.
Мемориалдық тақтада екі тілде жазылған жазба бар: «Бұл қабырғаның тұсында 1919 жылы сәуірде Колчак жазалаушылары қызыл партизандарды Қостанай шаруалары көтерілісінің қатысушыларын жаппай атты».
Қабырғаның өлшемі: ұзындығы - 20,6 м, биіктігі – 4,5 метр, ені – 0,6 м.
27 қазан 2020
27 қазан 2020